22 Қаңтар 2020, 11:50
Жұма күні, 24 қаңтарда Үкімет үйінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді.
Отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді, сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады.
Шараға Президент пулының журналистері қатыса алады.
БАҚ өкілдерінің сағат 09:00-ден кешікпеуін сұраймыз.
БАҚ өкілдерін аккредиттеу және басқа да сұрақтар бойынша 8 (7172) 74 58 64, 75 00 10 телефонына немесе ҚР ПМ Баспасөз қызметінің press.kpm@mail.ru электронды мекенжайына 2020 жылдың 22 қаңтары күнгі сағат 18.00-ге дейін хабарласуға болады.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу