ҚР МҚІА азаматтарға қандай анықтамалар қажет болмайтыны жайлы айтып берді

Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі талдау жүргізді, оның барысында қолданыстағы стандарттар, регламенттер мен салалық ережелер бір-бірін 60%-ға қайталайтындығы және аталған құқықтық актілер арасында 180-нен астам сәйкессіздік анықталды. Агенттіктің ұсынысы бойынша 145 сәйкессіздік жойылды.

Агенттік стандарттарды, регламенттер мен салалық ережелерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесін регламенттейтін бірыңғай құжатқа біріктіруді ұсынады, бұл қызмет көрсету тәртібіне бірыңғай талаптарды белгілеуге мүмкіндік береді және қызмет алушылардың құқықтарының бұзылуын азайтады. Бұл ұсыныстар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға түзетулер енгізу бойынша заңнамада көзделген және қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірінші оқылымда мақұлданды.

Анар Жайылғанованың айтуынша, жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 72,5% электрондық форматқа ауыстырылды. Ведомствоаралық жұмыс қорытындысы бойынша 588 қызмет бойынша автоматтандыру және оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді. Ағымдағы жылдың соңына дейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 81% электрондық форматта қолжетімді болады. Агенттік халық арасында «электрондық үкімет» порталы арқылы да, түрлі сервистер арқылы да электрондық қызметтерді алуды белсенді түрде ілгерілетуде.

А. Жайылғанова Ұлыбритания, Франция, Оңтүстік Корея және Қытай сияқты алдыңғы қатарлы елдерде қолданылатын бір реттік смс-парольдерді аутентификациялау әдістері немесе бірыңғай сәйкестендіру нөмірі әдісі ретінде пайдалану есебінен электрондық қызметтерді алуды едәуір жеңілдету ұсынылатынын айтты. Қазақстанда смс-парольдер тек қана 64 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша қолданылады. Бұдан басқа, азаматтардың жайлылығы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жылдам алу үшін мемлекеттік қызметтер тізілімінен бір реттік анықтамаларды алып тастау жоспарланған.

«Мемлекеттік органдармен бірлесіп, Тізілімнен басқа инстанцияларға растаушы мәліметтер ретінде ұсыну үшін қажетті әртүрлі анықтамалар, үзінділер мен құжаттардың 62 түрін алып тастау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Бұл тізімде сотталмағандығы туралы, уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы, жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы, науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру және т.б. талап етілетін анықтамалар бар», - деп атап өтті А. Жайылғанова.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұйымдар азаматтардың оларды жинау уақытын жоғалтпай, ақпараттық жүйелерден дербес алатын болады. Аталған шаралар кешені мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға, сондай-ақ халық үшін қолжетімділікті арттыруға ықпал етеді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу