Президенттік кадрлық резервке іріктеу кезінде субъективті бағалау болдырылмайды және адам факторы барынша азайтылған

Президенттік жастар кадрлық резервіне үміткерлерді тестілеу нәтижелері барынша объективтілікті қамтамасыз етумен қарастырылады, деді ҚР Преизденті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл ҚР Үкіметінің алаңында өткен Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру мәселелері жөніндегі баспасөз конференциясы барысында. 

Оның айтуынша, әрбір үміткерге жеке сәйкестендіру коды беріледі. Осылайша, бағалаушылар үміткерлерді көре алмайды, олар тек иесіз нәтижелерді ғана көреді. 

«Тестілеудің өзі арнайы палтформада өтеді, онда осы тестілеу нәтижелеріне адам факторының ықпалы болдырылмайды. Тестілеу қорытындылары шығарылып, рейтинг нақтыланған соң ақпарат қайта кодтау және қатысушылардың аты-жөндері мен нәтижелерін көрсетумен сайтта жариялау үшін жіберіледі», — деді Е. Әбіл.

Әлеуетті бағалау кезеңінде үміткерлердің кодталған эсселері мен презентациялары қоғамдық ұйымдар, академиялық орта мен мемлекеттік басқару өкілдерінен тұратын тәуелсіз бағалаушыларға бағытталатын болады. Жұмыстарды бағалауды бір-бірін білмейтін үш сарапшы бір мезетте жүргізеді. 

«Жұмыстар онлайн-платформада бағаланады, онда әрбір сарапшыға белгіленген критерийлер бойынша бағалау үшін жұмыстар автоматты түрде бөлінеді. Қорытынды баға сарапшылардың бағаларының орташа мәнінен құралады және нәтижелері үміткерлердің жеке кабинеттерінде жарияланады», — деді ол.

Сонымен қатар, әрбір кезең алдында әлеуметтік желілерде де, сайттарда да жан-жақты бейненұсқаулықпен қоса қажетті ақпарат жарияланады. 

«Біз әрбір кезеңде өткендердің тізімін олардың жинаған баллдарын көрсетумен жариялап отырамыз. Тағы да айтқым келеді, іріктеу процесі субъективті бағалауды барынша болдырмау және адам факторын барынша азайтумен құрылған», — деді Е. Әбіл.

Мемлекеттік басқару академиясының ректоры сонымен қатар бұл жобада аппеляция қарастырылмағанын жеткізді. Бірақ, үміткерлер сенімділікке түбегейлі тексеріледі, ереже бұзушылықтар орын алған жағдайда үміткер конкурстан оның кез келген кезеңінде шығарылып тастайды. 

Үміткерлердің орташа жасы 30 жасты және одан жоғарыны құрайтынын айта кеткен жөн. Өткен адамдардан 48 үміткердің шетелдік білімі бар. Олар АҚШ-та, Ұлыбританияда, Қытайда, Сингапурде т.б. елдерде білім алған. Тек қазақстандық дипломдар 286 үміткерде бар, оның ішінде 138 адам ТОП-қа енген ЖОО-ларды бітірген. Үміткерлер Қазақстанның барлық өңірлерінен келген, бұл жастардың барынша қамтылғанын және осы жобаға зор қызығушылық танытып отырғанын білдіреді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу