Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Ә. Смайылов: коронавируспен күреске республикалық бюджеттен шамамен 150 млрд теңге бөлінді

Дүйсенбі, 11 Мамыр 2020, 17:12:25

Коронавирусқа және әлемдік іскерлік белсенділіктің төмендеуіне байланысты дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға Үкімет жалпы алғанда 5,9 трлн теңге бағытталды. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 3,4 трлн теңге және бюджеттен тыс қаражат есебінен ‒ 2,5 трлн теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Үкіметінде өткен онлайн-брифингте Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары ‒ қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Шығындар жұмыспен қамтуды арттыруға, табысынан айырылу бойынша ай сайынғы төлемдерге, әлеуметтік төлемдерге, тұрғын үй құрылысына, бюджеттің салық кірістерінің шығындарын өтеуге және Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша басқа да бағыттарға жұмсалды.

«Атап айтқанда, Жұмыспен қамтудың жол картасын қаржыландыруға 1 трлн теңге қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 300 млрд теңге (бюджеттен тыс қаражат – 700 млрд теңге). Аталған қаражат шеңберінде өңірлерде инфрақұрылымдық жобалар іске асырылады және 255 мың жұмыс орны құрылады. Бизнес субъектілерінің айналым капиталын 8% жеңілдікпен несиелеуге және инвестициялық жобаларды жеңілдетілген несиелеуді жылдық 6%-ға кеңейтуге «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша бюджеттен тыс тартылған қаражат есебінен 1 трлн теңге қарастырылған», — деді Әлихан Смайылов.

Шамамен 4,5 млн адам 2 ай ішінде 1 ЕТЖ немесе 42,5 мың теңге көлемінде табысынан айырылуы бойынша төлем алуда. Осы мақсатқа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан шамамен 370 млрд теңге қарастырылған.

Тұрғын үй құрылысы үшін елдегі тұрғын үй құрылысының көлемін 15 млн шаршы метрге дейін жеткізу үшін қор нарығынан қосымша 390 млрд теңге тартылады.

Республикалық бюджеттің салық кірістерінің шығындарын өтеуге және тиісінше мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындау үшін 1,7 трлн теңге бөлінді.

Экономиканың зардап шеккен секторларындағы ШОБ субъектілері мен ірі бизнесті еңбекақы төлеу қоры бойынша салықтар мен алымдарды төлеуден босатуға байланысты жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге 237 млрд теңге қарастырылған.

313 млрд теңге әлеуметтік төлемдерді (зейнетақылар, жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек) 10%-ға дейін қосымша индекстеуге, стипендияларды арттыруға және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеуге жұмсалады.

«АӨК-ті дамыту, "Еңбек", "Бизнестің жол картасы", "Ауыл ‒ ел бесігі" мемлекеттік бағдарламаларын кеңейтуге 240 млрд теңге қарастырылған. Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға ‒ 50 млрд теңге, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбек нарығын дамытуға – 50 млрд теңге, "Бизнестің жол картасы – 2025" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кредиттер бойынша кепілдік беруге – 84,5 млрд теңге, "Ауыл – ел бесігі" жобасы аясында ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 55 млрд теңге», — деп атап өтті Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі.

Эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 125 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде медицина мамандарына және басқа да қызметкерлерге үстеме ақы төлеу, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз ету және т. б. қарастырылған.

Қосымша шығындар азаматтар мен экономиканы қолдауға, соның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға – 575 млрд теңге бағытталды.

Осы қаражат шеңберінде айырбас бағамының өсуіне байланысты бюджет шығыстары, Нұр-Сұлтан қаласындағы үлестік құрылыстың проблемалық объектілерін аяқтауға арналған шығыстар және басқа да басым міндеттер қарастырылған.

«Коронавирусқа қарсы күреске немесе эпидемияға қарсы іс-шараларға РБ-дан шамамен 150 млрд теңге бөлінді, бұл доллармен есептегенде 350 млн доллар. Олар 5,9 трлн теңге құрамында, олар жалпы дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға бағытталады. Бұл ‒ жұмыспен қамтуды қолдау, әлеуметтік төлемдер, бизнесті қолдау, кәсіпкерлерді жеңілдікпен несиелеу, тұрғын үй құрылысы және т. б. Бұл қаражат 1 жылға жоспарланған», — деді Әлихан Смайылов.

Мәселен, бизнесті жеңілдікпен несиелеуге 1 трлн теңге бағытталады. Бұл бизнеске төмен мөлшерлемемен несие түрінде берілетін қайтарымды қаражат.

Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыруға 1 трлн теңге қаралған, оның 300 млрд теңгесі бюджеттен, қалғандары – бюджеттен тыс қаражат. Бұл ‒ әлеуметтік нысандарды, ТКШ объектілерін, инженерлік инфрақұрылымды салу және реконструкциялау, елді мекендерді абаттандыру. 255 мың жұмыс орны құрылады. Яғни, Үкімет осы жылдың ішінде бағыттайтын барлық қаражаттың маңызды әлеуметтік-экономикалық мәні бар және халықтың жұмыспен қамтылуын, олардың табыстарын сақтауға және елдегі іскерлік белсенділікті қолдауға мүмкіндік береді. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
19 Мамыр 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №302 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 15:22
Жыл басынан бері 118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты — Б. Нұрымбетов
19 Мамыр 2020, 14:08
Р. Дәленов: Кешенді жоспардың басты мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.