Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

«5-10-20» жаңа бағдарламасымен тұрғын үйді кім ала алады

Сейсенбі, 19 Мамыр 2020, 12:36:32

Бүгін ҚР Үкіметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «5-10-20» жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары туралы айтып берді.

Биылғы 11 мамыр күні Мемлекеттік комиссия отырысында тұрғын үй құрылысындағы мәселелерді шешуге қатысты тапсырма берілді. Атап айтқанда, ұлттық даму институтын және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» негізінде баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі орталық – «Отбасы банкін» құру.     

«Оның басты идеясы мынада: меншігінде баспанасы жоқ әрбір қазақстандық осы орталыққа хабарласып, өзінің табысына қарай қолжетімді баспана алуға мүмкіндік алады», — деді Б. Атамқұлов.    

Азаматтар санаттарға бөлінбей, нақты табыстарына қарай іріктеледі.  

  1. Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 1 ең төменгі күнкөріс көлеміне (31,2 мың тг) дейінгі азаматтар жалға берілетін тұрғын үй алады.    

  2. Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 2 ең төменгі күнкөріс көлеміне дейінгі азаматтар «Бақытты отбасы», «2-10-20» секілді бағдарламалар бойынша 2% мөлшерлемемен баспана ала алады.    

  3. Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 3,1 ең төменгі күнкөріс көлеміне дейінгі (96,7 мың теңге) тұрғындар жаңа «5-10-20» ды. бағдарламасымен баспана ала

  4. Отбасының әр мүшесіне санағанда табыс мөлшері 3,1 ең төменгі күнкөріс көлемінен жоғары азаматтар екінші деңгейлі банктердің «7-20-25», нарықтық ипотека бағдарламаларына қатыса алады.  

Сонымен қатар ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі журналистердің ҚР ИИДМ-мен арадағы келісімнің бұзылуына байланысты Өскемендегі зауыттың жабылуы мүмкін екені туралы мәлімдемеге қатысты сұрағына жауап берді.

2010 жылғы маусымда «Азия Авто» АҚ-мен 2017 жылғы 1 маусымнан бастап шанағын балқытып біріктіру және бояу бойынша технологиялық операцияларды ұйымдастыру міндеттемесімен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойылды. Бірақ аталған міндеттеме орындалған жоқ.   

2012 жылғы желтоқсанда «Азия Авто Қазақстан» АҚ-мен 2019 жылғы 1 желтоқсаннан бастап осындай міндеттемесімен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойылды. Бірақ ол міндеттеме де орындалмады. Өндірушілердің міндеттемелеріне сәйкес компаниялар 7 жыл ішінде шанақты балқытып біріктіру және бояу бойынша технологиялық жабдықтарды пайдалануға беруі тиіс еді.  

Сонымен қатар, 2012 жылдың желтоқсанында «Азия Авто Қазақстан» АҚ-мен 2019 жылдың 1 желтоқсанынан бастап осындай міндеттемелермен келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, компания шанақты дәнекерлеу және сырлау бойынша технологиялық жабдықты пайдалануға беруі тиіс жеті жылдық міндеттеме болды.

«Азия Авто» АҚ кәсіпорнының өз міндеттемелерін орындауға дайын еместігін ескере отырып, міндеттемелер мерзімін ұзарту мақсатында 2017 жылдың басында “Азия Авто” АҚ мен “Азия Авто Қазақстан” АҚ моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісімге қол қою туралы Министрлікке өтініш білдірді, Орындау мерзімі – 2019 жылғы 1 желтоқсан», — деді министр.

Осылайша, министрлік бірнеше рет аталған кәсіпорындарға түсіністік танытты. Осы жылдың 1 сәуірінде «Азия Авто» АҚ және «Азия Авто Қазақстан» АҚ есеп бергеннен кейін олардың шанақты дәнекерлеу және бояу тұрғысынан міндеттемелерін орындамағаны белгілі болды. 11 сәуірде Министрлік «Азия Авто» АҚ және «Азия Авто Қазақстан» АҚ-ға бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберді.

«Бұзушылықтарды бір ай мерзімде орындамау келісімді бұзуға және преференциялар беруді тоқтатуға негіз болады. Осы келісім бойынша өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім талаптарын орындаудан өзге мәселені шешудің жолы жоқ», — деді Б. Атамқұлов. 

Вместе с тем, расторжение соглашения о промсборке не влечет за собой прекращения деятельности предприятия, как об этом сообщается в некоторых СМИ и социальных сетях.

Сонымен қатар, кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде хабарланғандай, өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді бұзу кәсіпорын қызметін тоқтатуға әкеп соқпайды.

«Азия Авто» АҚ және «Азия Авто Қазақстан» АҚ компаниясы көлік құралдарын өндіруді және зауыт құрылысын жалғастыра беруге құқылы, бірақ олар преференциялар алмайды. Сонымен қатар, Министрлік кәсіпорындар міндеттемелерін орындағаннан кейін қайтадан келісім жасауға және преференциялар беру мүмкіндігін қайта қарауға дайын», — деді ведомство басшысы.  

Дағдарыс кезеңінде автомобиль өнеркәсібі тұрақты өсімін көрсетті, 4 айда 173,4 млрд теңге сомасына 23 703 автокөлік құралы өндірілді.

Мемлекет өнеркәсіп құрастыру туралы келісімдердің негізінде қосымша құны салығынан (ҚҚС) (12%) және кедендік төлемдерден (5%) босатады. Сондай-ақ ынталандыру түрінде төленген кәдеге жарату алымын өтейді.

«Бүгінде Үкімет қабылдаған шаралар шеңберінде жеңілдетілген кредит беру мен техниканың қаржылық лизингіне сомасы ұлғайтылды, ұлттық режимнен алып қою енгізілді. Мен бұл сала қазір мемлекеттік қолдаудың ең жақсы мүмкіндіктері мен құралдарын алып отыр деп санаймын», — деп түйіндеді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.  

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
19 Мамыр 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №302 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 15:22
Жыл басынан бері 118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты — Б. Нұрымбетов
19 Мамыр 2020, 14:08
Р. Дәленов: Кешенді жоспардың басты мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту
19 Мамыр 2020, 13:53
Жыл сайын мемлекет 365 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін кепілдендірілген түрде сатып алады
19 Мамыр 2020, 12:36
«5-10-20» жаңа бағдарламасымен тұрғын үйді кім ала алады
19 Мамыр 2020, 11:49
2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар экономикалық белсенділікті жандандыруға ықпал етеді — Р. Дәленов
19 Мамыр 2020, 10:02
Үкімет Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады
19 Мамыр 2020, 09:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қаржы министрлігінің жаңа басшысын таныстырды
19 Мамыр 2020, 08:25
Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді
18 Мамыр 2020, 19:00
Қазақстанда 720 мың тонна көлеміндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қарастырылған
18 Мамыр 2020, 18:44
Ерұлан Жамаубаев ҚР қаржы министрі болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 18:39
Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 17:44
Ведомствоаралық комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай қаралды
18 Мамыр 2020, 14:44
19 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Мамыр 2020, 12:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №301 Қаулысы
17 Мамыр 2020, 09:39
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №61
16 Мамыр 2020, 22:29
Жұмыссыздықпен күрес және тірек ауылдарын абаттандыру — Шығыс Қазақстан облысының қазіргі даму бағыты қандай
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.