Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Францияның экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрмен кездесу өткізді

Сейсенбі, 30 Шілде 2019, 15:21:44

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Францияның экономика және қаржы министрі Б. Ле Мэрмен кездесті.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Франция арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен келешегі талқыланды.

«Франция – Еуропалық Одақтағы басты сауда-экономикалық серіктес», — деп Асқар Мамин, ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н. Назарбаев пен Франция Президенті Э. Макрон Брюссельде 2018 жылдың қазан айында өткен "АСЕМ" саммиті аясында белгілеген сауда-экономикалық күн тәртібін іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Франция Қазақстан экономикасына салынған тікелей инвестициялар көлемі бойынша алғашқы бес елдің қатарына кіреді. 2005 жылдан бастап 2018 жылға дейін Францияның Қазақстан экономикасына қаржы жұмсалымының көлемі $15 млрд асты. 2018 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 32,5%-ға немесе $4,5 млрд-қа өсті.

Қазіргі таңда көліктік машина жасау, құрылыс материалдарын, дәрі-дәрмектер, азық-түлік өнімдерін шығару саласында бірлескен өндіріс сәтті жұмыс істеп тұр. Энергетика, ғарыш салаларында, жаңартылатын қуат көздері, инфрақұрылымды дамыту, Smart City жобалары бойынша бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қазақстанда француз капиталының қатысуымен, жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асыратын «Тоталь», «Орано», «Данон», «Викат», «Пежо», «Альстом» секілді 130-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Қазақстан Премьер-Министрі инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, көлік инфрақұрылымы, цифрлық технологиялар, адами капитал салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық бар екенін жеткізді.

«Бізде ауыл шаруашылығында үлкен әлеует бар. Француздық Danone, Lactalis және Soufllet компанияларымен бірлескен жобаларды табысты іске асырылған жобалар деп айтуға болады. Қазақстан экологиялық таза өнімді өндіру және ЕАЭО мен ҚХР елдерінің сыйымды нарықтарына шығу тұрғысынан бизнес жүргізу үшін перспективалы орын»,  деді Асқар Мамин.

Француз инвесторларына бірлескен өндіріс орындарын ашуда, импортты алмастыруда және агроөнеркәсіптік өнімдерді одан әрі экспорттауда жан-жақты көмек көрсетіледі.

«Қазақстан Францияның Орталық Азиядағы жетекші серіктесі», деп Францияның экономика және қаржы министрі Б. Ле Мэр, француз тарапының ҚР Тұңғыш Президенті  Елбасы Н. Назарбаев ашқан және Франция Президенті Э. Макрон растаған стратегиялық ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Б. Ле Мэр Қазақстан мен Францияның сауда-экономикалық, инвестициялық, индустриялық салалардағы ынтымақтастық перспективаларын ескере отырып, ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне өтуі үшін барлық мүмкіндіктері бар деп есептейді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэр «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Bpifrance» инвестициялық компаниясы арасындағы бірлескен инвестициялау туралы, ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Тоталь» компаниясы арасындағы цифрлық технологиялар саласындағы меморандумдарға қол қою рәсіміне қатысты.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
16 Шілде 2020, 19:28
Ералы Тоғжанов елордадағы медицина мекемелерінде Президент тапсырмаларының іске асырылу барысын тексерді
14 Шілде 2020, 17:39
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
14 Шілде 2020, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.07.2020
14 Шілде 2020, 15:31
Қазақстан оқушылары үшін жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады - ҚР БҒМ
14 Шілде 2020, 13:12
2020 жылы электрондық еңбек биржасы арқылы 281 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты
14 Шілде 2020, 12:54
Індет кезінде Қазақстанда 22 млн астам электронды қызмет көрсетілді - ЦДИАӨМ
14 Шілде 2020, 12:46
Қазақстанда суармалы жерлер көлемін 2030 жылға дейін 3 млн га жеткізу жоспарланған
14 Шілде 2020, 12:17
Қазақстанда импорттаушы елдер нарығына егжей-тегжейлі шолумен «экспорттық гидтер» типтік жүйесін енгізу жоспарлануда — ҚР АШМ
14 Шілде 2020, 12:02
2020 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,8%-ға өсті — ҚР ИИДМ
14 Шілде 2020, 11:33
2020 жылы инфляцияны 8-8,5% дәліз шегінде ұстап тұру үшін Ұлттық банк қолда бар құралдарды пайдаланады
14 Шілде 2020, 11:07
Іссапарлар мен өкілдік шығындарды қысқарту — Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың шығындарын қалай оңтайландырады
14 Шілде 2020, 10:59
Қазақстанда Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикалық өсімді қалпына келтіру және халықты қолдау бойынша бірлескен жоспары қабылданады
14 Шілде 2020, 10:50
Биыл шілдеден бастап ай сайын 600 мыңнан аса қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету көзделген — ҚР ДСМ
14 Шілде 2020, 10:28
Үкімет шектеу шараларын а.ж. 2 тамызға дейін ұзартып, табысынан айырылуы бойынша 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді жүзеге асырады
13 Шілде 2020, 18:46
14 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Шілде 2020, 18:28
Қазақстан Президенті пандемия құрбандарын үнсіз еске алу рәсіміне қатысты
13 Шілде 2020, 17:57
Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды
13 Шілде 2020, 11:31
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
13 Шілде 2020, 11:15
Марат Қарабаев ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды
13 Шілде 2020, 11:07
Қанат Баитов ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
13 Шілде 2020, 10:30
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин COVID-19 індетінен көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты
12 Шілде 2020, 11:41
Ерхат Есқалиев «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды
10 Шілде 2020, 21:35
Б. Шәріп «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды
10 Шілде 2020, 20:32
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты шұғыл жиын өткізді
10 Шілде 2020, 19:37
Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
10 Шілде 2020, 15:07
Үкімет 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарды
09 Шілде 2020, 20:45
Форвардтық сатып алу, егіс жағдайы және азық-түлік тауарларының қоры — Қазақстанның агроөнеркәсіп саласын дамыту
09 Шілде 2020, 16:13
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстауда
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.