ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен және ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында 2019 жылғы жұмыстың қорытындысы шығарылып, осы жылға арналған өзекті мәселелер қаралды.

«Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың Бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының және ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының (ЖҰЖ) тармақтарының орындалу барысы туралы ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, сондай-ақ мәдениет және спорт вице-министрі Е. Рамазанов баяндады.

Қазіргі таңда Ұлт жоспарының 100 қадамының 65-і орындалды.

Биыл Ұлттық жоспарының 10 қадамын орындау жоспарланған, атап айтсақ: кеден және салық жүйелерін реформалау және интеграциялау, кәсіптік-техникалық және жоғары білім беру жүйесін жетілдіру, жол-көлік инфрақұрылымы мен энергия үнемдеу салаларына стратегиялық инвесторларды тарту, жеке медицинаны дамыту және медициналық мекемелерде корпоративтік басқаруды енгізу, мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру, мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту.

Үкімет басшысы Ұлт жоспары мен ҚР Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын толық әрі сапалы жүзеге асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Инвестициялар тарту көлемін арттыру, инвестициялық ахуалды жетілдіру және экспортты ынталандыру, мемлекеттік басқару реформасын жүргізу, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің санын оңтайландыру, салық жүйесін жаңғырту, сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарының қызметін тоқтату, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту және т. б. жөніндегі ЖҰЖ тармақтарына ерекше көңіл бөлінді.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу