Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Растаушы құжаттарды тапсырмай төлемді кейінге шегеру - төтенше жағдай кезінде тұрғындар мен бизнеске қандай қолдау көрсетіледі?

Бейсенбі, 02 Сәуір 2020, 20:40:20

Бүгін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов төтенше жағдай кезеңінде тұрғындарды және бизнесті қолдау бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Президентінің тапсырмасын іске асыру үшін төтенше жағдай кезеңінде тұрғындар мен кәсіпкерлерді қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылдады. 

«Агенттік қаулы қабылдады, одан соң қосымша ереже қабылданды, ол 3 айға, яғни биыл 16 наурыздан 15 маусым аралығында негізгі қарыз бен сыйақыларды төлеуді тоқтата тұру туралы бұйрығымен бекітілген», —деді Н. Әбдірахманов.

Мәселен, тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз тобына жататын жеке тұлғалар немесе АӘК алушылар немесе ресми жұмыссыздар өтінім ұсынбай, растаушы құжаттарды тапсырмай, қосымша келісімдерге қол қоймай-ақ негізгі қарыз бен пайыз сомасын төлеу бойынша төлемді шегеруге мүмкіндік алады. 

«Қандай да бір құжатты тапсырмай-ақ, келісім білдіру негізінде төлемді тоқтата тұру жүргізіледі. Бұл банктердің мобильді қосымшалар, СМС арқылы осы санаттағы адамдарды оларға төлем бойынша кейінге шегеру мүмкіндігі ұсынылатыны туралы құлақтандыруы арқылы жүзеге асырылады. 16 наурыздан 15 маусым аралығында осы кезеңдегі кез келген жұмыс күні кәсіпкерлер төлемді тоқтата тұру туралы өтінішпен банктерге жүгіне алады», — деп түсіндірді ҚР агенттігі төрағасының орынбасары. 

Әлеуметтік әлжуаз топқа жатпайтын немесе атаулы әлеуметтік көмек алмайтын немесе жұмыссыз болып саналмайтын және басқа да азаматтар бойынша. Оларға қатысты тәртіп мынадай: 

«Олар өтінім беріп, онда қаржылық жағдайының нашарлауы себептерінің бірін көрсетеді. Бұл да қашықтан, қандай да бір құжаттарға немесе келісімшарттарға қол қоюсыз, растаушы құжаттарды ұсынусыз іске асырылады, тек банкке қаржылық жағдайының нашарлау себебін көрсеткен хабарламасын жолдаса жеткілікті», — деп түсіндірді Н. Әбдірахманов.

Қаржылық жағдайының нашарлау себебін көрсетумен өтінімде келесі себептер көрсетілуі мүмкін: 

●  карантиннің енгізілуіне байланысты уақытқа еңбекке жарамсыздығы;

●   ақысы төленбейтін еңбек демалысында болуы;

●  еңбек келісімшартын бұзуы, жұмыстаны шығуы және басқа да еңбек қатынастарын тоқтатуы;

● еңбекақы немесе басқа да табыс түрін төлеуді азайту немесе тоқтату ;

● егер қызметкер төтенше жағдай және (немесе) карантин енгізілген жерге кіруге (шығуға) шектеу салынуына байланысты жұмыс орнына бола алмайтын жағдайда;  

қаржылық жай-күйдің нашарлауын көрсететін өзге де себептер.

«Бұл жерде мен банктердің өтінімді 10 жұмыс күні ішінде қарауы тиіс екенін атап өткім келеді, бірақ іс жүзінде одан жылдам қаралады. Банк егер оларда қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарламағаны туралы ақпарат болса, онда бас тартуы мүмкін», — деді ҚР Агенттігі төрағасының орынбасары. 

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ҚР аумағында төтенше жағдай режимінің енгізілуі жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерінің де қаржылық жағдайына жағымсыз әсер етуде. Тауарлар мен шикізатты жеткізудегі іркілістер, өндірілетін және сатылатын өнімге деген сұраныстың төмендеуі, ақша ағынының қысқаруы – бизнес иелері бүгінгі күні ұшырап жатқан қиындықтың бір бөлігі ғана.

«Ағымдағы жағдайда біз бизнеске және, тиісінше, жалпы алғанда, еліміздің экономикасына қолдау көрсету қажет екенін толық түсінеміз. Сондықтан да біз бизнес үшін кредит бойынша негізгі борыш және пайыздар бойынша сомаларды, талаптардың бірі сақталған жағдайда, төлеуді тоқтату тұру үшін нормалар бекіттік», — деді спикер. 

Экономика салаларында қызметті жүзеге асыру: СОО-ны жалдаушыларды қоса алғанда, сауда секторы; халық тұтынатын тауарлар дүкендері; азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және олармен байланысты жеткізулерді қоспағанда, тауарлар жеткізу желісі; спорт; туроператорлар мен турагенттерді қоса алғанда, туризм және қонақ үй бизнесі; азық-түлік пен дәрі-дәрмекті тасымалдауды қоспағанда, жолаушылар және жүк тасымалдау секторы; мейрамханалар мен кафелерді қоса алғанда, қоғамдық тамақтану секторы; тұрмыстық көрсетілетін қызметтер секторы; театрларды, кинотеатрларды, фото- және бейнетүсіруді, көрмелер мен конференцияларды, салтанат ұйымдастыруды, сұлулық салондарын және фитнес-орталықтарды қоса алғанда, бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру. 

Не болмаса, қаржылық жағдайы мына жағдайларда нашарлаған, сатылған тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген кезде, сатып алушылардың ақы төлеуі кешіктірілгені, тоқтала тұрғаны, төлеу мерзімі ауыстырылғаны (кейінге қалдырылғаны) расталған жағдайда; қызметкерлердің штат санының қысқаруы; төтенше жағдай режимі қолданыста болған кезеңдегі басқа да объективті себептер. 

Осылайша, жеке және заңды тұлғалар өтінішті кез келген уақытта 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 15 маусымға дейін аралықтағы кезеңде бере алады, оны қарау үшін қаржы ұйымына 10 жұмыс күні беріледі. 

2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі кезеңде қаржы ұйымдары қарыз алушыдан төлемдерді тоқтата тұру және тиісті шарттарды өзгерту туралы өтінішті қарау үшін комиссиялар мен өзге де төлемдерді алмайды.

ШОБ субъектілерін жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы

Коронавирус инфекциясының пандемиясына және оның Қазақстан экономикасына тигізіп жатқан теріс ықпалына байланысты төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін, жеке кәсіпкерлерді қолдау үшін ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Ұлттық банк ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын әзірледі.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасының орынбасары хабарлағандай, осы Бағдарламаны іске асыру үшін шағын, орта кәсіпкерлік субъектілеріне және жеке кәсіпкерлерге екінші деңгейдегі банктерге шартты салымдар орналастыру арқылы  600 млрд теңге бөлінеді. 

«Бизнесті қолдау тетігі  екінші деңгейдегі банктердің төтенше жағдай енгізу нәтижесінде зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, жеке кәсіпкерлерге айналым капиталын толықтыруға жылдық 8%-дан пайыздан аспайтын мөлшерлеме бойынша 12 айға дейін мерзімге жеңілдікпен кредиттер беру арқылы іске асырылады. Екінші деңгейдегі банктердің қаражатты игеру мерзімі 3 айды құрайды», — деді Н. Әбдірахманов.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін шектеу 3 млрд теңгеден, жеке кәсіпкерлер үшін  50 млн теңгеден артық емес.

Банк емес ұйымдарды тексеру

«Олардың қызметімен байланысты көптеген мәселелер резонанстық-әлеуметтік әсер алды, сондықтан біз өз тарапымыздан мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тексеру жоспарын қабылдадық. Біз карантин аяқталғаннан кейін оны іске асыруға кірісеміз. Тексеруге 1100 ломбард анықталды. Сондай-ақ шамамен 50 онлайн-кредиттеу компаниясы және 200 микроқаржы ұйымы субъектісі тексеріледі», — деді Н. Әбдірахманов.

Тексеру 17 қалада ағымдағы жылғы наурыздан бастап маусым аралығында өтетін болады, тексерілетін ломбардтардың негізгі бөлігі микроқаржы ұйымдарының көбі шоғырландырылған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында орналасқан. 

Агенттіктің, ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлерінің қатысуымен 39 тексеру тобы құрылды.

Бірінші кезекте тексеру топтары ҚР Президентінің төтенше жағдайды енгізу салдарынан зардап шеккен халықтың, шағын және орта бизнес субъектілерінің қарыздары бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру туралы тапсырмасын орындау мәніне тексеру жүргізетін болады. 

Тексеруге кірісті жылыстату және терроризмді қаржыландыруға, қаржы пирамидасын ұйымдастыруға қарсы іс-қимыл, борыш жүктемесінің коэффициентіне, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшеріне және микроқарыздар бойынша шекті сыйақының мәніне, сыйақыны, айыппұлдар мен өсімпұлдарды дұрыс есептеуге, микрокредит бойынша берешекті өтеу кезектілігінің тәртібіне қойылатын талаптар бөлігінде заңнаманы сақтау туралы деректер де тексеріледі.  


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
19 Мамыр 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №302 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 15:22
Жыл басынан бері 118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты — Б. Нұрымбетов
19 Мамыр 2020, 14:08
Р. Дәленов: Кешенді жоспардың басты мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту
19 Мамыр 2020, 13:53
Жыл сайын мемлекет 365 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін кепілдендірілген түрде сатып алады
19 Мамыр 2020, 12:36
«5-10-20» жаңа бағдарламасымен тұрғын үйді кім ала алады
19 Мамыр 2020, 11:49
2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар экономикалық белсенділікті жандандыруға ықпал етеді — Р. Дәленов
19 Мамыр 2020, 10:02
Үкімет Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады
19 Мамыр 2020, 09:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қаржы министрлігінің жаңа басшысын таныстырды
19 Мамыр 2020, 08:25
Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді
18 Мамыр 2020, 19:00
Қазақстанда 720 мың тонна көлеміндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қарастырылған
18 Мамыр 2020, 18:44
Ерұлан Жамаубаев ҚР қаржы министрі болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 18:39
Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 17:44
Ведомствоаралық комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай қаралды
18 Мамыр 2020, 14:44
19 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Мамыр 2020, 12:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №301 Қаулысы
17 Мамыр 2020, 09:39
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №61
16 Мамыр 2020, 22:29
Жұмыссыздықпен күрес және тірек ауылдарын абаттандыру — Шығыс Қазақстан облысының қазіргі даму бағыты қандай
16 Мамыр 2020, 21:40
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
16 Мамыр 2020, 14:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Семей қаласының дамуымен және Абайдың 175 жылдығына дайындығымен танысты
15 Мамыр 2020, 22:03
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
15 Мамыр 2020, 16:22
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШҚО-да көктемгі егіс жұмысының барысы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді
15 Мамыр 2020, 13:34
Нұргүл Мауберлинова ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
14 Мамыр 2020, 18:39
Ауыл шаруашылығынан туризмге дейін немесе Ақмола облысының негізгі салалары қалай дамып жатыр
14 Мамыр 2020, 18:14
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған Үкімет делегациясы жұмыс сапарымен Атырау облысына барды
14 Мамыр 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №296 Қаулысы
14 Мамыр 2020, 17:23
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №290 Қаулысы
14 Мамыр 2020, 17:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы №288 Қаулысы
14 Мамыр 2020, 17:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің отырысын өткізді
14 Мамыр 2020, 14:07
Төтенше жағдайдан кейінгі еңбек нарығы: бос жұмыс орындары мен түйіндемелер саны артты
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.