Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында Үкімет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тікелей шетелдік инвестиция тарту жөнінде баяндады.

Сондай-ақ, кездесуде А. Мамин жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған Қазақстан Үкіметінің қабылдаған шаралары туралы айтып берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу