Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды

Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2020, 19:20:51

Қазақстан Президенті Қостанай облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі бірқатар тамақ және сүт өндірісі кәсіпорындарына барып, аграршылармен және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Өңірге келген соң Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы балмұздақ және ашытылған сүт өнімдерін өндіретін «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірісімен танысты.

Президентке пастерленген сүт өндірісі мен қайта өңдейтін заманауи жабдықтар көрсетілді. Кәсіпорын тәулігіне 130-150 тонна сүт өңдеуге қауқарлы.

Кәсіпорын сүт өнімдерінің 120-дан астам түрін шығарады, олардың 30% Ресейдің шекаралас аймақтарына экспортталады. Өндірісте 710 адам тұрақты түрде жұмыс істейді. Шикізатты облыстағы 12 мыңнан астам жеке шаруа қожалықтарынан сатып алады.

Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның өндіріс қарқынын арттырудың жоспарымен танысып, сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты бірқатар міндеттер қойған болатын. Бүгін кәсіпкерлерді Жолдауды жүзеге асыруда белсенділік танытуға шақырды.

«Жолдаудың әр сөзін ой елегінен өткізіп отырып, жұмыс істедім. Бұл құжат менің өз қаламымнан шықты. Артық айтылған ештеңе жоқ, бәрін іске асыруға болады. Барлық басшыларды, кәсіпкерлерді Жолдауды толық жүзеге асыруға белсенді атсалысуға шақырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асырудың да маңызды екенін атап өтті.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы мемлекет пен Үкіметке қойылған міндеттерді жүзеге асыру тұрғысынан өте маңызды. Белгілі себептерге байланысты шешімін таппаған көптеген міндеттер, қазіргі уақытта, Жұмыспен қамтудың жол картасы арқылы орындалуда. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы да, әлеуметтік инфрақұрылым мәселелері де шешімін тауып келеді», – деді Президент.

Мемлекет басшысы сөз соңында кәсіпорын басшылығына қайырымдылық және әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін алғыс білдірді. Кездесуге қатысушылар Президент бастамасы бойынша өткізіліп отырған реформаларға қолдау білдіріп, Жолдауда айтылған мақсаттарға қол жеткізуге белсенді атсалысуға дайын екендерін айтты.

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында егіс алқаптарын аралап, «Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасы» ЖШС-ның астық жинау барысымен танысты.

Президентке егін орағы науқанының соңғы кезеңі туралы ақпарат берілді. Бүгінге дейін өңірде дәнді дақылдардың 3,1 млн гектары немесе 76% жиналған, өнімділігі әр гектардан 10 центнерден айналып отыр. Астық жинауға 9100  комбайн жұмылдырылған, жуық арада дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталады.

Сонымен қатар Mемлекет басшысына өңірде жүзеге асырылып жатқан мал шаруашылығын дамыту, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру, ауылшаруашылығы техникасын құрастыру жобалары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесуде аграрлық саланың табысты дамуы, жалпы ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі фактор екенін атап өтті.

«Қостанай облысының экономикасы жақсы дамып келеді деуге болады. Болашақта бұдан да жақсы болатынына сенемін. Алдымызда маңызды міндеттер тұр. Экономикамыз пандемия салдарынан болған сынаққа төзе алды. Биыл өнім жақсы екені көрініп тұр», – деді Мемлекет басшысы.

Диханшылар Президентке ауылдарда жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары мен игі бастамалар, сондай-ақ әлеуметтік мәселелердің біртіндеп шешімін тауып жатқаны туралы айтты.

«Осы жылдың ішінде ауылшаруашылығында да, индустрияда да едәуір жетістіктерге жетуіміз керек. Әсіресе, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу аса маңызды. Тұрғындардың әрқайсысы бізден нақты мәселелердің шешімін күтуде. Менің тапсырмама сәйкес Үкімет қазіргі уақытта осы мәселелермен айналысуда. Үкімет Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспар қабылдады. Табысты болады деп есептеймін, бірақ бірлесіп жұмыс атқару керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесуде шаруалар өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу және экспорттау мәселелерін көтерді.

«Өнімді өндіру үлкен мәселенің бірі әрі негізгісі болса, енді оны нарыққа шығару да маңызды. Үкімет осы мәселелермен айналысуы тиіс. Қазір біз Еуразиялық экономикалық одақ аясында нақты мәселелерді шешумен айналысып жатырмыз. Қараша айында Президенттердің басшылығымен шекаралас өңірлердің басшыларының аймақтық кездесуі өтеді. Пандемияға байланысты қандай форматта өтетіні белгісіз, бірақ өтуі тиіс. Жалпы ЕАЭО аясындағы интеграцияны дамыту бойынша біздің бағытымыз өз күшінде», – деді Президент.

Коронавирус індеті салдарынан туындаған қиындықтарға қарамастан, диханшылар өндірісті сақтап қана қоймай, оның көлемін арттыра алды. Президент еліміздің азық-түлік қорын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар үшін ауыл жұмысшыларына ризашылығын білдіріп, жиын-терім науқанын уақытылы аяқтап, мол өнім алуларына тілектестік білдірді.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстандағы астық жинау науқанымен танысты. 

Мемлекет басшысы егістік алқабын аралап, «Аби жер» ЖШС-нің астық жинау науқанының барысымен танысты.

Президент дихандармен әңгіме барысында Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің маңызды астықты өлкесі екенін, мұнда әлемдік нарықта сұранысқа ие экологиялық таза, табиғи өнім өндірілетінін айтты. 

«Солтүстік Қазақстан облысы маңызды астықты өлкеміздің бірі. Қазіргі басты мақсат – егіс алқаптарындағы астықты төкпей-шашпай түгелдей жинап алу. Дақылдарды әртараптандыру өте маңызды, әсіресе, экспортқа шығару үшін қажет. Біздің нарығымыз өте үлкен. Солтүстік Қазақстан облысының өнімі әлемде, соның ішінде, Қытайда жоғары бағаланады. Яғни, үлкен мүмкіндіктер бар. Өңірдің әлеуеті зор деп ойлаймын. Жолдауға келетін болсақ, оны жүзеге асырудың барлық тетіктері Үкіметпен, тиісті мамандармен келісілген. Сондықтан оны тек қана орындау керек. Кезінде үлкен, ауқымды мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды, бірақ, қазір шағын әрі елге түсінікті ұлттық жобалар керек», – деді Мемлекет басшысы. 

Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен агроөнеркәсіп кешенінің келешегі туралы мәлімет берілді. Облыс әкімінің айтуынша, өңірде аграрлық секторды әртараптандыру жұмысы қызу жүргізіліп жатыр. Майлы дақылдардың алқабы 1 миллион гектарға жуықтаған. Жыл басынан бері агросекторға 61 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов Солтүстік Қазақстан облысының минералды тыңайтқыштарды пайдалану жөнінен еліміз бойынша алдыңғы орында екенін жеткізді. Биыл 2,3 млн гектар аумаққа 130 мың тонна тыңайтқыш пайдалану жоспарланған. Сонымен қатар облыста ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде өнім өндіру көрсеткіші артқан. Алдағы уақытта «CLAAS» неміс концерні Петропавлда ауыл шаруашылығы техникасын құрастырмақ.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев диқандардың мол астықты дер кезінде жинап алуына тілектестік білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданында Президент өзге өңірлерден Қызылжар ауданына қоныс аударған азаматтармен кездесті. 

Президент мемлекеттік қолдаумен Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған азаматтармен кездесті. Оларға арнап Қызылжар ауданының Чапаево ауылында баспана салу жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылған болатын. Бүгін Мемлекет басшысы жаңа тұрғын үйлерді аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылдан бастап ауыл әкімдері тұңғыш рет сайланатынын, бұл бастама демократияның айқын көрінісі екенін айтты.

«Әкімдер ауылдағы проблемаларды бәрінен жақсы біледі. Сондықтан ауыл тұрғындары өздерінің мәселелерін ең алдымен сіздерге айтады. Көптеген арыз-шағымдарды жергілікті жерде шешуге болады. Әсіресе ауылдық жерлерде ауызсу мәселесін шешу өте өзекті. Сонымен қатар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру маңызды. Соның нәтижесінде жергілікті жерлердегі инфрақұрылым дамиды, жаңа жұмыс орындары ашылады. Облыста бұл мәселе тиісті деңгейде іске асырылып жатыр», – деді Мемлекет басшысы.

Президент мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі мен мемлекеттік басқару мәселесіне де тоқталды.

«Мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда мемлекеттік қызмет жүйесі жабық болмауы керек екенін айттым. Бізге ойы ұшқыр, ақылды жастар керек. Бізде Тұңғыш Президентіміздің саясатының арқасында өте жақсы білім алған жастар көп. Сондықтан біз Мемлекеттік қызметке жастарды шақырамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Президентке өзге өңірлерден көшіп келген дәрігер, мұғалім, механизатор және басқа да мамандық иелеріне гранттар берілетінін, сондай-ақ, олар жаңа жалдамалы баспанамен және жұмыспен қамтамасыз етілетінін айтты.

Ауылдарда баспана салуға бағытталған облыстағы аталған пилоттық жобаның жүзеге асырылып жатқанына екі жыл болды. Былтыр аталған жоба аясында елді мекендерде 428 үй салынса, биыл 788 баспана тұрғызылады. Былтыр облысқа 736 отбасы, барлығы 2,2 мың адам көшіп келген. Биыл 700 отбасы немесе 2,4 мың адам қоныс аудармақ.

Кездесу соңында ауыл әкімдері мен өңірге жаңадан қоныс аударып келген тұрғындар мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.


Жаңалықтар тізбегі
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 17:02
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Қазан 2020, 13:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 13.10.2020
13 Қазан 2020, 13:14
Болжамды нақтылаудың негізгі міндеті дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және СOVID-19 бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды — Ә. Смайылов
13 Қазан 2020, 13:01
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 16,6%-ға өсті — Б. Атамқұлов
13 Қазан 2020, 11:35
Мемлекеттік бюджет шығыстары 99,5%-ға атқарылды — Қаржы министрлігі
13 Қазан 2020, 11:13
Ұлттық банк қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін іске қосты
13 Қазан 2020, 10:22
Биыл 9 айда Қазақстанда денсаулық сақтауға салынған инвестиция 85,7%-ға артты — ҚР ҰЭМ
13 Қазан 2020, 09:49
Биылғы қыркүйекте нақты сектордың өсуімен қатар қызмет көрсету саласында белсенділік қалпына келе бастады — А. Мамин
12 Қазан 2020, 17:03
Өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу — Ю. Ильин ТЖМ жұмысы туралы айтып берді
12 Қазан 2020, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №648 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №647 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №643 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:34
А. Маминнің Әбу-Даби қаласына сапары: ҚР мен БАӘ $6,1 млрд құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыруға келісті 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.