Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Бейсенбі, 25 Маусым 2020, 19:05:10

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев, «Индустрия 4.0» элементтерін және «Модельдік цифрлық фабрикалар» жобасын дамыту туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, мұнай-газ және уран салаларын цифрландыру туралы энергетика министрі Н. Ноғаев, мемлекеттік органдар жұмысындағы қағаздағы құжат айналымын шектеу туралы мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова баяндады.

2018-2019 жж. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың жалпы экономикалық тиімділігі 802,5 млрд теңгені құрады, негізінен электрондық коммерцияның және онымен аралас салалардың белсенді дамуының арқасында 120 мың жұмыс орны құрылды. «Цифрлық Қазақстан» аясында 58 заң мен 11 кодекстің 700 нормасына өзгерістер мен түзетулер енгізілді.

БҰҰ рейтингінде Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша 39-орынды, «онлайн қызмет көрсету» индикаторы бойынша 26-орынды, киберқауіпсіздік деңгейі бойынша 40-орынды иеленді. Қазақстан интернетке қолжетімділік бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі — ҚР-да 1 Гб құны $0,49, халықты қамту – 84,2% құрайды, ал мысалы, Украинада аталған көрсеткіштер – $0,51/62,5%, Қытайда – $9,89/61,2%, АҚШ-та – $12,37/87,3%. Қазақстан халқының цифрлық сауаттылық деңгейі 82,1%-ға жетті. Елімізде мемлекеттік қызметтердің 83,7%-ы онлайн-режимде көрсетіледі, 7 мыңға жуық АT-компания тіркелген.

Кәсіпорындарда «модельді цифрлық фабрикаларды» ашу жұмыстары жүргізілуде, бұл еңбек өнімділігін 25%-ға, ресурс тиімділігін 18%-ға, жабдықтың қызмет ету мерзімін 5%-ға арттыруға, өндірістік шығындарды 20%-ға, еңбек шығындарын 30%-ға, энергия шығындарын 35%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Мысалы, осындай цифрлық фабрикалар «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Eurasian Foods» АҚ, «Алматы желдеткіштер зауыты» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Karlskrona» ЖШС, «Алтыналмас» АҚ және «Бал Текстиль» ЖШС-де ашылды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын одан әрі өзекті ету аясында әртүрлі салаларда 10 технологиялық платформаны енгізу жоспарланған, атап айтсақ: Govtech, Smart city, Industry 4.0, Agritech, Blockchain, Space-Geotech, AI (жасанды зерде), E-Industry, Fintech, Greentech. Олар дайын техникалық инфрақұрылымды, ашық деректердің үлкен массивтерін, сондай-ақ отандық АT-компаниялар мен стартаптар үшін әзірлеу және талдау жүйелерін шоғырландырады.

Отырысқа қатысушылар роботтарды, үлкен деректерді және жасанды зердені қолдана отырып, өндіріс процестерін автоматтандыруға бағытталған «Индустрия 4.0» технологиялық платформасын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

Платформа қаржылық, ақпараттық сервистерді, сауда алаңдарын және технологиялар трансферті жүйелерін, бірінші кезекте тау-кен металлургиялық және отын-энергетика кешендері, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары үшін біріктіреді. Оны құру аясында Smart Industry Management талдамалық базасын енгізу, саланың ірі кәсіпорындарымен корпоративтік инновациялар жүйесін дамыту және басқа да шаралар қабылдау жоспарланған.

Үкімет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне бір ай мерзімде Индустрия 4.0 элементтерін дамыту және «Модельді цифрлық фабрикалар» жобасын кеңейту бойынша реттеуші және ынталандырушы шаралар кешені бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Энергетика министрлігіне осы жылдың соңына дейін көмірсутегі шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукциондар өткізу жүйесін іске қосуды қамтамасыз ету, кейіннен процестің барлық кезеңдерінде қағаз форматын шектеу, сондай-ақ шикі мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін енгізуді жеделдету тапсырылды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
26 Қыркүйек 2020, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
26 Қыркүйек 2020, 11:26
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады
25 Қыркүйек 2020, 21:34
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті
25 Қыркүйек 2020, 18:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №613 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 17:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:57
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №607 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №606 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №603 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №601 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №599 Қаулысы
25 Қыркүйек 2020, 16:15
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматыға барды
24 Қыркүйек 2020, 20:12
Балықты өсіруге бағдарлану, заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік қолдау шаралары — Қазақстанда балық саласы қалай дамуда
24 Қыркүйек 2020, 17:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шардарада еліміздің балық саласын дамыту жөнінде семинар кеңес өткізді
24 Қыркүйек 2020, 13:31
Мәди Такиев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
24 Қыркүйек 2020, 12:14
Арман Шаққалиев ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.