Қазақстан мен Сингапур Алматы облысындағы жаңа қаланы дамыту бойынша ынтымақтастық орнатады

Бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы облысындағы G4 City – жаңа қаласын дамытудың жаңартылған шеберлік-жоспарымен танысты.

Мегаполис Алматы – Қапшағай трассасының бойында орналасатын болады және төрт ауданнан тұрады: Gate District –  іскерлік және қаржы орталығы, Golden District – білім беру және медициналық хаб, Growing District – өнеркәсіптік және логистикалық хаб, Green District – туризм және ойын-сауық.

G4 City-ге арнайы экономикалық аймақ мәртебесі беріледі. Халықаралық әуежай салып, Сингапурмен тікелей әуе қатынасын ашу жоспарда бар.

G4 City Орталық Азияның жаңа экономикалық хабына айналып, Қазақстан экономикасына түсетін шетелдік инвестициялардың одан әрі өсуіне елеулі серпін береді деп күтілуде. 2050 жылға қарай мегаполис аумағында 2,2 млн адам тұрып, 1 млн-нан астам жұмыс орны қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта Gate District-те магистралдық инженерлік желілер жүргізілген, «Қоянқұс» тұрғын ауданы салынып жатыр. 3,5 жыл ішінде кемінде 300 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

G4 City бас жоспарының тұжырымдамасын Азиядағы қала құрылысы, инфрақұрылым және басқару саласындағы жетекші консалтинг фирмасы Surbana Jurong Group әзірледі. Компанияда 16 мыңға жуық қызметкер бар және ол әлемнің 40-тан астам елінде жұмыс істейді. Компания Сингапурда млн-нан астам тұрғын үй салды, 60-тан астам елде бас жоспарлар құрды және бүкіл әлем бойынша 100-ден астам индустриалды парк жобалады.

Таныстырылым қорытындысы бойынша қазақстандық «Caspian Group» АҚ компаниясы мен «Surbana Jurong Group» арасында G4 City жобасын іске асыруда ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу