25 Желтоқсан 2019, 12:39
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Марғұлан Бақытұлы Баймұхан — Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары болып;
Әркен Хамитұлы Өтенов – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу