Мемлекет басшысы «CNPC» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньді қабылдады

Қазақстан Президенті қазақ-қытай арасындағы тату көршілік қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне «CNPC» компаниясының қосқан үлесін жоғары бағалады.

«“CNPC” компаниясы мұнай өндіру, өңдеу, көмірсутегін тасымалдау салаларында еңбек етеді. Сіздің корпорация жүзеге асырып жатқан жобалар Қазақстан экономикасында аса маңызды рөл атқарады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент «CNPC» басшылығының алдына қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеруге, олардың айлығын шетелдік жұмысшыларға төленетін еңбекақы деңгейімен теңестіруге, сондай-ақ, тауар сатып алу және қызмет көрсету ісінде қазақстандық өнімнің үлесін арттыруға байланысты бірқатар міндет қойды.

Ван Илинь Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты компанияның алдына қойылған міндеттерге түсіністікпен қарайтынын жеткізді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу