Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент күніне арналған концертке барды

Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Концерт алдында Елбасы «Тарихи таңдау» көрмесін аралап көрді. Экспозициялар Елбасы кітапханасының музей коллекциясындағы мұрағаттық материалдар мен бірегей заттардан құралған.

Көрмеге Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының жеке кітапханасынан 145 кітап, сондай-ақ, 220 экспонат қойылды.

Көрмеден соң Елбасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрі және отандық экстрада жұлдыздары өнер көрсеткен концертті тамашалады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу