19 Қаңтар 2022, 21:02
Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният соңғы аптада эпидемиологиялық ахуал орташа есеппен 5,6 есе нашарлай түскенін атап өтті. Сырқаттанушылықтың жоғары өсуі Қарағанды облысында – 28 есе, Алматы облысында – 11 есе, Атырау, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында – 9-9,5 есе.
Вице-Премьер инфекцияның таралуын тежеу үшін азаматтарды вакцинациялау және реакцинациялау қарқынын күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ ведомствоаралық комиссия коронавирус инфекциясын емдеу үшін жаңа дәрілік препараттарды ерекше жағдайларда қолдануды қолдады.
ВАК талқылауының қорытындысы бойынша оқытудың штаттық форматына рұқсат беру ұсынылды:
Орта білім беру ұйымдарында, колледждерде, жоғары оқу орындарында барлық білім алушыларды қашықтан оқыту форматына ауыстыру карантин режимін бұзушылықтар анықталған кезде қолданылатын болады.
Кеңес соңында Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің басшыларына коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша Үкімет қабылдап жатқан шаралардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу