Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ

Сейсенбі, 20 Қазан 2020, 11:02:59

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері қаралды. Осы бағыттағы қазіргі жағдай туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады.

Министр атап өткендей, ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамына кіретін екі комитет қамтамасыз етеді. Ветеринария қызметінің алдына қойылған негізгі міндеттер — ветеринариялық-санитариялық саламаттылықты қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын адам мен жануарлардың жалпы ауруларынан қорғау, аумақты жұқпалы және экзотикалық аурулардың таралуынан қорғау, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Осыған байланысты осы жылдың басынан бері заңнамалық деңгейде қабылданған нормалар іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, «орталық – аудан – ауыл» қағидаты бойынша жоғарыдан төмен қарай ветеринариялық бақылау, «облыс – аудан – ауыл» қағидаты бойынша жоғарыдан төмен қарай ветеринариялық қызмет құрылды. Өңірлендіруге, аймақтандыруға және компартменттеуге қойылатын бірыңғай талаптар белгіленді, мемлекеттік шекараның бүкіл периметрі бойынша тұрақты ветеринариялық бақылау, кәсіпорындардың инспекцияларының бюджет есебінен қаржыландырылуы жүргізілуде, бұл қазақстандық өнімді экспорттауға қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы профилактикалық іс-шаралардан (вакциналау және диагностикалау) тұратын ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуде. Биылғы 9 айда ғана жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы 122,2 млн манипуляция жүргізілді, бұл 9 айдағы жоспардың 100,9%-ын құрайды. Бұл ретте, ветеринариялық препараттың шамамен 60%-ы елімізде өндірілген.

«Республикамыздың аумағына таралуы үлкен қауіп төндіріп тұрған аса қауіпті аурулар тізбесіне 68 ауру түрі енгізілді, олардың 45 түрі бойынша Қазақстанда эпизоотиялық ахуал саламатты, 23 түрі бойынша диагностикалау және вакциналау бойынша арнайы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр», — деді С. Омаров.

Биыл өткен жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда жануарлардың аса қауіпті бірқатар ауруларының таралуы бәсеңдеді. Сібір жарасы мен Ньюкасл ауруы бойынша эпизоотиялық ахуал саламатты болып қалып отыр. Сондай-ақ 2019 жылмен салыстырғанда 16 пунктте бруцеллез бойынша саламатсыз ошақтардың азайғаны байқалады. Олардың ішінде 93 саламатсыз пункт сауықтырылып, шектеулер алынды, ал 59 пунктте ветеринариялық-сауықтыру іс-шаралары жалғастырылуда.

Бұл ретте, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда республика аумағында құтырма ауруы бойынша жануарлардың аса қауіпті аурулары ошақтарының көбейгені байқалады, сондай-ақ 2005 жылдан бері саламатты болып келе жатқан республикада құс тұмауы тіркелді.

Құс тұмауы бойынша елдегі эпизоотиялық ахуалға қатысты

2020 жылғы 22 қыркүйектен 19 қазанға дейінгі кезеңде құстардың өлім-жітімі тіркелді, оның ішінде 7 облыста жоғары патогенді құс тұмауына күдік немесе расталған жағдайлар орын алды. Жеке аулаларда 26,5 мың құс басы, 3 құс фермасында 847,4 мың бас қырылды. Осылайша, жоғары патогенді құс тұмауынан барлығы 873,9 мың бас құс қырылып, бұл жалпы құстардың 1,9%-ын құрады.

С. Омаровтың айтуынша, құстардың өлім-жітімі басталған сәттен бастап Министрлік жанынан және өңірлерде Жедел штаб құрылды, штабтардың отырыстары күнделікті өткізілуде.

«Инфекцияның әр ошағы карантинге қойылып, құстарды және құс шаруашылығы өнімін әкелуге және әкетуге тыйым салынды, инфекция ошағын жоя отырып және дезинфекция жүргізе отырып, оқшаулау және жою шаралары жүргізіліп жатыр», — деді ауыл шаруашылығы министрі.

Буферлік аймақ құру үшін жабайы құстардың ұшып келу жолында үй құстарын мәжбүрлеп вакциналау үшін ветеринариялық препараттардың республикалық қорынан 4,4 млн доза көлемінде құс тұмауына қарсы вакцина бөлінді.

«Бүгінде жеті облыстағы жеке аулаларда құстардың өлім-жітімі тоқтатылды, 3 құс фермасында құстардың қырылуы азайды, ауру құстарды жою және олардың иелеріне құнын өтеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Эпизоотиялық ахуал Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыстар әкімдіктерінің тұрақты бақылауында», — деп сендірді ведомство басшысы.

Өткен жылы Қазақстан-Ресей учаскесінде 28 және Қазақстан-Қырғызстан учаскесінде 4 ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау пункті ұйымдастырылды. Бұл шара ветеринариялық-санитариялық, фитосанитариялық, карантиндік тұрғыдан мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы қауіпті өнімдерінің әкелінуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. 

«2020 жылдың басынан бері жалпы көлемі 171 мың тонна мал шаруашылығы өнімі бар 17 мың автокөлік тексерілді. Жалпы ветеринария саласындағы заңнаманың бұзылғаны үшін жалпы сомасы 86,2 млн теңгеге 2,4 мың жеке және заңды тұлға әкімшілік жазаға тартылды», — деді С. Омаров.

Бүгінде Қазақстан аусыл, жылқылар мен шошқалардың африкалық обасы, шошқалардың классикалық обасы бойынша ресми қауіпсіз ел мәртебесіне ие. Сондай-ақ күйіс қайыратын ұсақ малдың обасы және сиырлардың құтырма ауруы бойынша мәртебе алу жұмыстары жүргізілуде.

Министр атап өткендей, бұл мал шаруашылығы өнімдерін өткізуге қосымша нарықтар ашуға мүмкіндік берді. Мысалы, Қытай Халық Республикасымен өнімнің 20 түріне, Иранмен өнімнің 6 түрі бойынша, Парсы шығанағы елдерімен өнімнің 6 түрі бойынша ветеринариялық-санитариялық талаптар келісілді.

Шетелдік кәсіпорындар тізіліміне барлығы 2 728 қазақстандық өндірушілер, оның ішінде 250 кәсіпорын Үшінші елдер тізіліміне және 2 478 кәсіпорын ЕАЭО тізіліміне енгізілді. Экспортталатын өнім желісі 480-нен 551 тауар топтарына дейін кеңейтілді және қазақстандық өнімді импорттаушы елдердің тізбесі 65-тен 72 мемлекетке дейін ұлғайды.

Фитосанитария және өсімдіктер карантині жөніндегі іс- шараларға қатысты

2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянды организмдеріне және карантиндік объектілерге қарсы 3,8 млн гектар алаңға, оның ішінде үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы 514,9 мың гектар алаңға қорғаныш іс-шаралары жүргізілді. Дер кезінде қабылданған шаралар шегірткелердің таралу ареалын 3,3 есеге азайтуға мүмкіндік берді.

Министр атап өткендей, Республика аумағында тікенекті алқа карантиндік арамшөптің таралу ошағы жойылды, америкалық ақ көбелектің, калифорниялық қалқаншалы сымырдың, жатаған у кекіренің таралу алаңы төмендеді.

Бүгінгі таңда әкелінетін өнімдерге карантиндік фитосанитариялық бақылау Мемлекеттік шекараның бүкіл периметрі бойынша жүзеге асырылуда. 

«2020 жылдың 9 айы ішінде Қазақстан Республикасына карантинге жатқызылған өнімнің импорты кезінде өсімдіктер карантині саласында 3 082 бұзушылық анықталды, 137 млн теңге сомаға әкімшілік айыппұл салынды, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 4,7 есе көп», — деді ведомство басшысы.

Міндетті карантиндік фитосанитариялық талаптарға жауап бермейтін 12,4 мың тонна карантинге жатқызылған өнімді әкелу жолы кесілді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 41,8%-ға артық.

2020 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторлар бақылау және қадағалау іс-шараларын жүзеге асыру кезінде олардың іс-әрекеттерін тіркейтін фото және бейне құралдарымен жарақтандырылды.

Экспортқа ықпал ету мақсатында фитосанитариялық сертификатты алу үшін қажетті құжаттар тізбесі қысқарды.

Бұдан басқа, 

  • карантиндік сертификаты беру мерзімі 3 күннен 1 күнге;
  • фитосаритариялық сертификаты беру мерзімі 5 күннен 3 күнге қысқарды.
  • тез бұзылатын өнімге 3 жұмыс сағаты ішінде карантиндік және фитосанитариялық сертификатты алудың оңайлатылған тәртібі қарастырылды.

С. Омаровтың айтуынша, республика аумағындағы тұрақты карантиндік фитосанитариялық ахуалдың арқасында отандық өсімдік шаруашылығы өнімін өткізудің басым нарығына жеткізуге шектеулер жоқ. 

Қытайдың Бас кеден басқармасымен фитосанитариялық карантиндік талаптар бойынша 10 хаттамаға қол қойылды. Қытай Халық Республикасы Тізіліміне өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіретін және өңдейтін 486 отандық кәсіпорын енгізілді. Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін қадағалау жүйесін және Россельхознадзордың ақпараттық жүйесімен интеграцияны дамыту жұмысы жүргізілуде.

Өз кезегінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірде ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Ветеринария саласына 1,5 млрд теңге бөлінді, ол өткен жылмен салыстырғанда 500 млн теңгеге көп. Биыл 9 айда – 2,4 млн мал басына немесе 99% вакцина салынды, диагностикалық зерттеуден 700 мың бас немесе 73% өтті. Соның нәтижесінде жұқпалы аурулардың пайда болуына жол берілген жоқ.

Облыста ветеринариялық заңнаманы бұзудың 371 фактісі анықталды. Ресей шекарасы арқылы 4 автомобиль өткізу пунктінде 1 мыңнан астам көлік тексерілді. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды, жүк қайтарылды. 

Карантинге жатқызылған өнімді әкелуге бақылау жүргізіледі. Фитосанитарлық талаптарды бұзғаны үшін 30 көлік қайтарылды, 111 әкімшілік іс толтырылды. 

«Ресей Федерациясының іргелес аумағында құс тұмауының өршуі салдарынан біз 28 тамызда құс фабрикаларының басшыларымен шұғыл жиналыс өткізіп, онда құс тұмауының алдын алу алгоритмін әзірледік», — деді өңір әкімі.

Қабылданған шараларға қарамастан, облыс аумағында құс тұмауы орын алды. Барлығы 450 мың бас қырылды. Негізгі себептер — құстардың жабайы қоныс аударатын және синантропты құстармен байланысы.

«Диагноз расталған елді мекендерде карантин режимі белгіленді. Вакцинаның 873 мың дозасы бөлінді, 554 мың құсқа екпе егілді. Құс иелеріне 66 млн теңге өтемақы төленді, жұмыс жалғасады», — деді Қ. Ақсақалов.

Облыста зардап шеккен құс фабрикаларын қалпына келтіру жоспары әзірленді. Балапандар сатып алуға қаржылай қолдау тетігі қарастырылуда. Облыстың сауда желілеріне бекітілген бағамен жұмыртқаны үзіліссіз жеткізу мәселесі пысықталды.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңір аумағында карантиндік объектілерді, аса қауіпті және зиянды организмдерді анықтау тұрғысынан жерлерді зерттеп-қарауды қоса алғанда, фитосанитариялық іс-шаралар, сондай-ақ химиялық өңдеу уақфтылы жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті аурулары бойынша облыста залалданған алқаптар азайып келеді. Биыл облыстың фитосанитариялық карантиндік бекеттерінде карантиндік қадағалауды жүзеге асыру кезінде Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға сәйкес келмеудің 27 фактісі анықталды.Ресей Федерациясынан, Қырғызстаннан және Тәжікстаннан карантинге жатқызылған өнімдерінен 6 карантиндік объекті анықталды. Импорттаушы елдерге 27 нотификация жіберілді», — деді өңір басшысы.

Аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық ахуал тұрақты, 2020 жылы 624,9 мың га алқапқа өңдеу жүргізілді. Қалыптасқан климаттық ауа-райы жағдайы зиянкестер мен эпифитотияның дамуы мен таралуына жол бермеді.

10 елді мекенде жоғары патогенді құс тұмауы бойынша карантин жарияланды, блок-бекеттер орнатылды, дезинфекциялық қондырғылары бар ветеринариялық мамандар, карантиндік шараларды бақылау үшін полиция қызметкерлері бекітілді, халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Эпизоотиялық ахуал тұрақталды, соңғы 17 күнде құстар арасында өлім тіркелмеген, сауықтыру шаралары жалғастырылуда. Республикадан жеке үй ауласына арналған вакцинаның 491 мың дозасы алынды, вакцинация аяқталды. Сонымен қатар құс фабрикаларында өз қаражаты есебінен 625 мың бас құс егілді. Облыс бойынша барлығы 968 мың бас құс вакциналанды», — деп түйіндеді А. Мұхамбетов.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
25 Қараша 2020, 17:24
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті
25 Қараша 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №783 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:43
Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезіне қатысты
25 Қараша 2020, 16:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы №779 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:39
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 қарашадағы №770 Қаулысы
25 Қараша 2020, 16:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы №769 Қаулысы
24 Қараша 2020, 19:53
ЖЭК дамыту және процестерді цифрландыру — ҚР Президентінің энергетика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары қалай іске асырылуда
24 Қараша 2020, 18:45
Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
24 Қараша 2020, 17:40
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті
24 Қараша 2020, 16:13
ЕАЭО нарығы, өнеркәсіптік кооперация және тауар айналымы: Қазақстан экономикалық интеграция жүйесінде қалай дамуда
24 Қараша 2020, 14:07
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.11.2020
24 Қараша 2020, 12:11
Қазақстанда орманды алқаптарда 2 млрд және елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызылады - ЭГТРМ
24 Қараша 2020, 11:47
Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты
24 Қараша 2020, 11:36
Соңғы 5 жылда ҚР-да 1 334 км магистральдық газ құбыры және 20 мың км астам тарату желілері салынды 
24 Қараша 2020, 10:01
А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті
24 Қараша 2020, 09:39
Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселесі қаралды
23 Қараша 2020, 19:27
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин COVID-19 жөніндегі ВАК отырысын өткізді 
23 Қараша 2020, 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды
23 Қараша 2020, 17:02
Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту
23 Қараша 2020, 14:30
24 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
23 Қараша 2020, 14:21
Сенат депутаттарының шағын және орта бизнесті дамыту туралы сауалы
23 Қараша 2020, 13:46
Үкімет отандық бизнестің қызметінің жағдайын жақсарту шараларын қарастыруда
22 Қараша 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №87
21 Қараша 2020, 16:38
Қазақстан мен Өзбекстан премьер-министрлері Түркістан қаласында келіссөз өткізді
20 Қараша 2020, 18:25
Асқар Жамбакин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымына тағайындалды
20 Қараша 2020, 16:09
Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
20 Қараша 2020, 13:40
Инновациялық технологиялар, электрондық құжаттама және шығындарды азайту: денсаулық сақтау саласында цифрландыру қалай дамуда
19 Қараша 2020, 20:20
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:49
Мемлекет басшысы «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады
19 Қараша 2020, 18:48
Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады
19 Қараша 2020, 18:41
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
19 Қараша 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты
19 Қараша 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қарашадағы №762 Қаулысы
18 Қараша 2020, 21:19
Қазақстан Президенті Шетелдік инвесторлар кеңесінің жиынына қатысты
18 Қараша 2020, 16:22
Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
18 Қараша 2020, 14:44
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
17 Қараша 2020, 19:37
ВАК Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады  
17 Қараша 2020, 18:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №760 Қаулысы
17 Қараша 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы №758 Қаулысы
17 Қараша 2020, 15:58
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды қабылдады
17 Қараша 2020, 13:39
ҚР Үкіметінің отырысы, 17.11.2020
17 Қараша 2020, 13:29
Сатып алушы мобильді қосымша арқылы тауардың заңдылығын тексере алады — Е. Жамаубаев
17 Қараша 2020, 13:03
Қазақстан бірқатар тауарларды міндетті таңбалауды енгізуде — Б. Сұлтанов
17 Қараша 2020, 11:34
Қазақстан «цифрлық» жұмыспен қамту орталықтарының және сырттай мүгедектікті белгілеу форматына көшуде — ҚР ЕХӘҚМ
17 Қараша 2020, 11:19
Жыл соңына дейін онлайн режимінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер 90%-ға дейін жеткізіледі — ЦДИАӨМ
17 Қараша 2020, 10:02
Үкімет тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелерін қарады
17 Қараша 2020, 09:48
2021 жылы қағаз анықтамаларды толығымен алып тастауымыз керек — А. Мамин
17 Қараша 2020, 08:50
Қазақстан Қырғызстанға COVID-19-бен күресу үшін медициналық бұйымдар жібереді
16 Қараша 2020, 18:46
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес өткізді
16 Қараша 2020, 17:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қарашадағы №752 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.