Әлихан Смайылов Шанхайда ІІ Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қытайға сапары барысында Шанхайда өткен ІІ Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. 

Ә. Смайылов Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуетін көрсету мақсатында ҚХР Сауда министрлігі ұсынған Шанхай көрмесіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық және сауда павильондарын аралады. 

2019 жылғы 13 маусымда Бішкекте өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының ХІХ отырысына қатысу аясында болған Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы келіссөздер барысында Қытай тарапы Қазақстанды қараша айында өтетін ІІ Қытай халықаралық импорт көрмесіне құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырды.

Шанхай көрмесінде Қазақстан Республикасы ұлттық стендті елдің экономикалық және инвестициялық әлеуетін паш етті. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонында инвестициялық, сауда, бизнес және туризм саласындағы елдің мүмкіндіктерін таныстыру үшін сегіз ірі компания, оның ішінде «Kazakh Invest» ҰК АҚ, «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек», AIFC, «Astana Expo - 2017», «Kazakh  Export», ССДО «Qaztrade», «KazakhTourism» және «Қорғас» ШЫХО көрсетілген.

Қазақстандық өнімдерді 180 шаршы метр аумақты алатын Шанхай импорт көрмесіндегі еліміздің павильонында Қазақстан Республикасының тамақ және ауыл шаруашылығы салаларының 30 компаниясы ұсынылды. Көрме барысында бірқатар экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.

Өткен жылы Шанхайда өткен І Қытай халықаралық импорт көрмесіне 130-дан астам елден  3 мыңнан аса компания қатысты. Оның 200-і әлемдегі 500 ірі кәсіпорындардың тізімінде.

270 мың шаршы метрді құрайтын көрменің жалпы алаңында 5 мыңға жуық түрлі бұйымдар мен технологиялар ұсынылды. Іс-шараға 18 мемлекет пен үкімет басшылары және 160 мыңға жуық сатып алушы қатысты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу