Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ

Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2020, 10:27:27

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу және азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Баға мониторингі және ден қою шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баяндады.

2020 жылдың басынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 4,4%-ға өсті. Негізгі өсімді қарақұмық жармасы мен қант, сәбіз бен картоп көрсетті. Басты себебі — егістік аумағының қысқаруы.

Б. Сұлтановтың айтуынша, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өсімі барлық аймақтарда байқалады. Дегенмен тауарлардың көпшілігі бойынша ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен қамтылды.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бес түрінде бағаның төмендеуі байқалуда. Мәселен, қырыққабақтың бағасы 21,4%-ға төмендеді. Жалпы өсім көрсеткіші 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе төмен. Аталған өсімнің 90%-ы, яғни 4,1 пайыздық тармағы, елімізде төтенше жағдай режимі енгізілген кезеңінде тіркелді», — деді министр.

Мұның негізгі себептері карантиндік шаралармен байланысты орын алған азық-түлікке деген дүрлікпе сұраныс және логистика мен тауар тасымалдаудың өзгергені, маусымаралық кезеңдегі тапшылық болды.

Сонымен қатар биылғы мамыр айынан бастап баға өсімі реттеле бастады. Атап айтқанда, бағалар мамырда 0,1%-ға өсті, маусым мен шілдеде өспей, тамызда тіпті 1%-ға төмендеді.

Бағаларды тұрақтандыру үшін Сауда және интеграция, Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірлескен бұйрығымен төтенше жағдай режимі кезеңінде 9 әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті бағалар белгіленді. 

Сонымен қатар Министрлік әкімдіктерге ішкі сауда субъектілерінің шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін сақтауға бақылау жүргізу бойынша ұсыныстар жіберді.

Аталған ұсыныстарды орындау үшін әкімдіктер мен Министрліктің аумақтық бөлімшелері тұрақты негізде мониторинг жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 180 әкімшілік айыппұл салынды.

«2020 жылғы 22 наурыздан бастап төтенше жағдай режимінің әрекет етуі кезеңінде 7 тауарды (қарақұмық, қант, картоп, пияз (сарымсақ), күнбағыс тұқымы, күнбағыс майы, қарақұмық жармасы) экспорттауға, сондай-ақ тауарларды (сәбіз, шалқан, қызылша, қырыққабат, бидай ұны және жұмсақ бидай) ай сайын шығаруды квоталауға тыйым салынды. Бұдан өзге бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында осы жылдың наурыз айынан қыркүйек айына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импорты мен сатылуына қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12%-дан 8%-ға дейін төмендетілді», — деді Б. Сұлтанов.

Министр атап өткендей, жергілікті атқарушы органдар «айналым схемасы», форвардтық сатып алу және «тұрақтандыру қорларын қалыптастыру» сияқты құралдарды пайдаланады.

«Тұрақтандыру қорларында 27,7 мың тонна азық-түлік қалыптасқан және 21,6 мың тонна жеткізуге форвардтық шарттар жасалған. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру міндеттемесімен “айналым схемасына” жергілікті бюджеттерден 14,2 млрд теңге бөлінді», — деді Б. Сұлтанов. 

Бұл нарықтық механизм қазірдің өзінде тиімділігін көрсетіп отыр. Алматы қаласы бойынша басқа өңірлермен салыстырғанда қомақты қаражат бөлінді. Соның нәтижесінде қалада жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуі 2,2%-ды құрады. Бұл ел бойынша ең төмен көрсеткіш. 

Сонымен қатар Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында «айналым схемасына» қаражат бөлінген жоқ, оның нәтижесінде аталған өңірлерде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуі тиісінше 6,1% және 5,7%-ды құрады.

Б. Сұлтановтың айтуынша, бағаны тұрақтандырудың маңызды құралдарының бірі — монополияға қарсы реттеу шаралары.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті ішкі нарыққа сөз байласу мәніне тұрақты мониторинг жүргізеді.

Осылайша, осы жылы азық-түлік, жеміс-көкөніс пен ет өнімдерін өндіру және сату бойынша нарық субъектілеріне 293 хабарлама жіберілді, сондай-ақ 13 тергеу жұмысы жүргізілді.

«Біздің бағалауымызша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі тұрақтанады және жыл соңына дейін 6%-дан аспайды. Бұл болжам барлық қолданыстағы факторларды және бағаны тұрақтандыру бойынша жоғарыда аталған мемлекет қабылдаған шараларды ескере отырып жасалды. Жалпы алғанда, өркениетті бөлшек сауда мен сауда инфрақұрылымын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыс, айналым схемасын қаржыландыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тежеу жөніндегі жол картасы шеңберіндегі жұмыстардың мониторингі мен үйлестірілуін күшейту, “Азық-түлік корпорациясы” ресурстарын ұтымды бөлуді қамтамасыз ету бағаны тұрақтандырудың негізгі факторлары», — деп нақтылады министр. 

Нарық тарапынан бағаның төмендеуіне бірінші кезекте ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемінің өсуі мен өркениетті бөлшек сауданың дамуы оң әсер етеді.

«Бағаларды онлайн режимде мониторингтеу үшін Министрліктің аумақтық бөлімшелері мен әкімдіктер dosmart.kz онлайн жүйесін пайдаланады. Бұл жүйе ML технологияларымен өңдеуге және 1% кэш-бэк алуға арналған фото чектерді қоса, жеке тұлғалардан өзекті деректерді жинауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ дүкендерде бағалар мен өнімдердің бар-жоғын мониторингілеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді», — деді министр. 

Қазіргі уақытта бағаны тұрақтандыру шеңберінде Министрлік мынадай жүйелі жұмыстар жүргізуде:

Бірінші. Стационарлық емес сауда базарларын жаңғырту және сауда жабдықтарын сатып алу үшін ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жеткізу.

Екінші. Электрондық сауданы дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу.

Үшінші. Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
21 Қазан 2020, 17:27
Қазақстан Президенті «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады
21 Қазан 2020, 17:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №673 Қаулысы
21 Қазан 2020, 17:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №672 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:58
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы
21 Қазан 2020, 16:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №666 Қаулысы
21 Қазан 2020, 15:45
Әнуар Ахметжанов ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 13:06
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады
21 Қазан 2020, 12:55
Азамат Әмрин ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 12:50
Әсем Нүсіпова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
21 Қазан 2020, 11:47
Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі
21 Қазан 2020, 09:56
Асқар Биахметов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Қазан 2020, 19:44
Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
20 Қазан 2020, 14:51
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды 
20 Қазан 2020, 14:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин С. Чакрабартимен кездесу өткізді
20 Қазан 2020, 13:35
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой
20 Қазан 2020, 11:34
ҚР Үкіметінің отырысы, 20.10.2020
20 Қазан 2020, 11:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №664 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №663 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №662 Қаулысы
20 Қазан 2020, 11:02
Биылғы 9 айда Қазақстанда вакциналау жоспары 100% орындалды — ҚР АШМ
20 Қазан 2020, 10:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №661 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қазандағы №660 Қаулысы
20 Қазан 2020, 10:27
Отандық кәсіпорындар тәулігіне 900 мың маска шығарады — Б. Атамқұлов
20 Қазан 2020, 10:17
Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін қарады
20 Қазан 2020, 10:02
Үкімет ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелерін қарады
19 Қазан 2020, 17:13
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қатысты бірқатар тапсырма берді
19 Қазан 2020, 12:42
20 қазан күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
18 Қазан 2020, 09:58
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №82
16 Қазан 2020, 19:47
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады
16 Қазан 2020, 11:34
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 қазандағы №642 Қаулысы
15 Қазан 2020, 17:36
Денсаулық сақтаудың дамуы және іскерлік белсенділіктің артуы — Алматының биыл 9 айдағы дамуына шолу
15 Қазан 2020, 15:28
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Hyundai автомобильдерін құрастыру зауытының ашылу рәсіміне қатысты
15 Қазан 2020, 13:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
14 Қазан 2020, 13:19
Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 19:12
Марат Күлдіков ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:43
Мереке Пішембаев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 18:37
Ибрагим Күлшімбаев ҚР төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі болып тағайындалды
13 Қазан 2020, 17:02
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Қазан 2020, 13:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 13.10.2020
13 Қазан 2020, 13:14
Болжамды нақтылаудың негізгі міндеті дәрігерлерге материалдық қолдау көрсету және СOVID-19 бойынша алдын алу шараларын қабылдау болды — Ә. Смайылов
13 Қазан 2020, 13:01
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 16,6%-ға өсті — Б. Атамқұлов
13 Қазан 2020, 11:35
Мемлекеттік бюджет шығыстары 99,5%-ға атқарылды — Қаржы министрлігі
13 Қазан 2020, 11:13
Ұлттық банк қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін іске қосты
13 Қазан 2020, 10:22
Биыл 9 айда Қазақстанда денсаулық сақтауға салынған инвестиция 85,7%-ға артты — ҚР ҰЭМ
13 Қазан 2020, 09:49
Биылғы қыркүйекте нақты сектордың өсуімен қатар қызмет көрсету саласында белсенділік қалпына келе бастады — А. Мамин
12 Қазан 2020, 17:03
Өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу — Ю. Ильин ТЖМ жұмысы туралы айтып берді
12 Қазан 2020, 16:51
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №648 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:46
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №647 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы №643 Қаулысы
12 Қазан 2020, 16:34
А. Маминнің Әбу-Даби қаласына сапары: ҚР мен БАӘ $6,1 млрд құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыруға келісті 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.