Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Алдағы кезеңдегі басым міндет экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру болады — А. Мамин 

Сейсенбі, 12 Мамыр 2020, 09:46:34

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. 

Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің атқарылуы және экономика салаларының дамуы туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, сондай-ақ энергетика министрі Нұрлан Ноғаев баяндады.

Осы жылдың қаңтар-сәуірінде ЖІӨ 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға төмендеді. Сауда және көлік секторы теріс динамика көрсетті, тиісінше 8,9% және 11%-ға төмендеді. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінде өсім 7%-ды, машина жасауда – 25,4%-ды, жеңіл өнеркәсіпте – 13,9%-ды, фармацевтикада – 24,2%-ды, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібінде 6%-ды, құрылыста – 5,5%-ды, байланыс қызметтерінде – 9,6%-ды, ауыл шаруашылығында – 2,2%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 0,9%-ға өсті. Алтын-валюта қоры $30,5 млрд, Ұлттық қор активтері $58,5 млрд құрады.

Үкімет басшысы елімізде төтенше жағдайдың аяқталуы және карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне байланысты қызмет көрсету секторы қалпына келтіріле бастауы тиіс екенін атап өтті. Бұған салықтық ынталандыру, жеңілдікті несиелендіру, отандық тауарларды өткізуге кепілдік беру тетігі арқылы ішкі өндірісті қолдау жолымен барлық мемлекеттік қолдау шаралары ықпал етеді.  

Сонымен қатар Үкімет «Атамекен» ҰКП және  салалық қауымдастықтармен бірлесіп,  іскерлік белсенділікті ынталандыру, жұмыспен қамту және халықтың табысын қолдау шараларын талқылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген шаралардың негізінде осы жылдың соңына дейін Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар әзірленді. Аталған жоспар Үкіметтің келесі отырысында қаралады. 

Премьер-Министр қызмет көрсету секторын қалпына келтіру бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды. 

«Жалпы, алдағы кезеңдегі басым міндет экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етілуін арттыруға, бәсекеге қабілетті шикізаттық емес секторға, тиімді инвестициялар мен қосылған құнның өңірлік және жаһандық тізбегіне кірігуіне негізделген жаңа құрылымын қалыптастыру болады», — деп түйіндеді А. Мамин.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
19 Мамыр 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №302 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 15:22
Жыл басынан бері 118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты — Б. Нұрымбетов
19 Мамыр 2020, 14:08
Р. Дәленов: Кешенді жоспардың басты мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту
19 Мамыр 2020, 13:53
Жыл сайын мемлекет 365 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін кепілдендірілген түрде сатып алады
19 Мамыр 2020, 12:36
«5-10-20» жаңа бағдарламасымен тұрғын үйді кім ала алады
19 Мамыр 2020, 11:49
2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар экономикалық белсенділікті жандандыруға ықпал етеді — Р. Дәленов
19 Мамыр 2020, 10:02
Үкімет Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады
19 Мамыр 2020, 09:01
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қаржы министрлігінің жаңа басшысын таныстырды
19 Мамыр 2020, 08:25
Роман Скляр Түркістан облысындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді
18 Мамыр 2020, 19:00
Қазақстанда 720 мың тонна көлеміндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қарастырылған
18 Мамыр 2020, 18:44
Ерұлан Жамаубаев ҚР қаржы министрі болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 18:39
Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
18 Мамыр 2020, 17:44
Ведомствоаралық комиссия отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай қаралды
18 Мамыр 2020, 14:44
19 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.