ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Шымкент қаласына және Түркістан облысына жұмыс сапары

фото: Шүкір Шахай

Шымкент қаласында Үкімет басшысы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ және «Alliance Textile» Өзбек жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының бірлескен кәсіпорны - «Alliance» Сауда-өнеркәсіп палатасы» ЖШС жіп иіру фабрикасының ашылу рәсіміне қатысты

Жоба биыл маусым айында ҚР және ӨР үкіметтерінің арасында бірлескен тоқыма кластерін құру туралы қол жеткізілген келісімдер аясында іске асырылды

Премьер-Министр фабриканы іске қосу Қазақстанның тоқыма кластерін дамытуға зор серпін беретініне сенім білдірді

Кәсіпорында бірінші кезеңде 120 жаңа жұмыс орны құрылған, мақта-талшықты өңдеу көлемі жылына 6 мың тоннаны құрайды. Жобаға өзбек тарапының инвестициялары шамамен 4,6 млрд теңге

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Майлыошақ ауылында А. Мамин жылдам әзірленетін тамақ өнімдерін өндіретін зауыттың ашылу рәсіміне қатысты

Әлемдегі аса ірі жылдам әзірленетін кеспе өндіруші - «CG Foods Central Asia» компаниясы жобаға 5,7 млрд теңге инвестиция салды және 300-ге жуық қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Шығарылатын өнім көлемі жылына 4,5 мың тоннадан асады. Өндіріс процесінде тек отандық шикізат пайдаланылады

Түркістан қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Премьер-Министр 630 төсек-орынға шақталған көпсалалы облыстық аурухана құрылысы жүргізілетін жерге капсула салды

Нысанның құны - 100  млрд теңгеге жуық

Жобаны 2022 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «YDA Holding» түрік инвесторы жүзеге асырады

Ауруханада 350 дәрігерді қоса алғанда, медицина персоналы үшін 1700-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады

А. Мамин Түркістан қаласындағы Халықаралық әуежайдың және оған апаратын автомобиль жолының құрылысын, сондай-ақ салынып жатқан бірқатар нысандарды тексерді

ҚР Премьер-Министрі салынып жатқан әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи маңызы бар нысандарды аралады

ҚР Үкіметінің басшысы Ұлы Жібек жолы қолөнершілер Ұлттық орталығының құрылыс алаңын көрді

Сонымен қатар «Ұлы дала Елі» орталығының салыну барысын тексерді

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу