ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021

16 қарашада Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Отырыста елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР-дағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығы туралы баяндады.

— Үкімет басшысы халықты вакциналаумен және ревакциналаумен қажетті көлемде қамтамасыз етуді тапсырды.

— Екінші мәселені талқылау барысында ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау қызметтерін қолжетімді ету мәселесі қарастырылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев баяндама жасады.

— Үкімет басшысы ауыз сумен қамтамасыз етілу пайызы төмен өңірлерге келесі жылы көрсеткіштерді орташа республикалық деңгейге жеткізуді тапсырды. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және осы жылдың қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Ұлттық экономика министрлігіне индустрия, экология министрліктерімен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, инвестициялық шығындар, оның ішінде суды пайдаланудың цифрлық технологияларын енгізу қажеттілігін ескере отырып, судың тарифтік саясатын жетілдіру мәселелерін пысықтау тапсырылды. Индустрия министрлігіне өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, ауылдарды сумен жабдықтау объектілерін салу кезінде бақылауды күшейту шараларын қабылдау және тұтынушылармен кері байланыс функцияларын қоса отырып, елді мекендерді сумен жабдықтаудың интерактивті картасын өзектендіру тапсырылды.

— Сондай-ақ Үкімет отырысында жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелері қаралды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндама жасады. Үкімет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-ға мамандарды даярлау сапасы байланысты болатын жаңа кәсіби стандарттарды өзектендіру және әзірлеу жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды. Білім және ғылым министрлігіне Білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар мен индикаторларды қарастыру, қаржы, ұлттық экономика министрліктерімен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, биылғы 22 қарашаға дейін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған жол картасын пысықтау және Үкіметке енгізу тапсырылды. А. Мамин 20 мықты өңірлік жоғары оқу орындарын құру бойынша қаржыландыру мәселелерін пысықтауды және Петропавл мен Шымкентте «Назарбаев университеті» үлгісінде екі жоғары оқу орнын ашуды, екі дипломды бағдарламаларды және оқытушылар мен студенттердің академиялық мобильділігін дамыту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу