09 Қазан 2019, 08:54
Қазақстан Республикасының Сенат депутаттары А. Нұралиевтің, Ж. Нұрғалиевтің, Р. Әкімовтың,Б. Еламановтың, А. Мұсахановтың, М. Жұмағазиевтің, Д. Мусиннің 2019 жылғы 31 мамырдағы сауалына жауап.
Тамақ өнеркәсібін дамыту мәселелерін кешенді шешу, сондай-ақ өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемдерін өсіруді қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 5 наурыздағы Үкімет отырысының № 8 хаттамасымен Тамақ және өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2019 – 2021 жылдарға арналған жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) мақұлданды, ол мынадай 6 бағыт бойынша 26 іс-шараны іске асыруды көздейді:
Сонымен қатар, 13 Кодекс пен 29 заңға 1000-нан астам түзетулерді қамтитын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Парламент қарауында жатыр.
Аталған түзетулер ауыл шаруашылығы саласының проблемаларын жүйелі шешуге бағытталған және басқалармен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді, аграрлық ғылымды дамыту, жаңа технологиялар трансфертін ынталандыру, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нормаларды көздейді.
Бұдан басқа, ағымдағы жылғы 19 маусымдағы № 27 Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілген «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 57-тармағына сәйкес ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер, оның ішінде:
Сіздердің сауалдарыңызда айтылған мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдардың жүргізіп жатқан жұмысы туралы толық ақпарат қосымшада беріледі.
Өңдеу өнеркәсібінде еліміздің ғылыми әлеуетін пайдалана отырып, салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастырудың тиімді жүйесін ұйымдастыру, ресурс үнемдейтін жаңа технологияларды әзірлеуге және азықтүлік және өңдеу өнеркәсібіндегі ғылыми әлеуетті дамыту үшін бюджеттік қаржыландыру көздерін қажетті көлемде белгілеуге қатысты
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қойылған тапсырмаларды шешу мақсатында аграрлық ғылым мен білімді, сондай-ақ АӨК субъектілерінің білім тарату жүйесін, оларды бизнес пен технология трансфертінің қажеттіліктеріне қайта бағдарлауды реформалау бойынша шаралар қабылдауда.
Мысалы, ғылыми зерттеулердің сапасын жақсарту үшін Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына қайта құрылымдау жүргізілді, нәтижесінде жұмыс істеп тұрған 23 ҒЗИ-дің 13-і қалды, ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциялары мен тәжірибелік-өндірістік шаруашылықтардың саны 18-ге артты, сондай-ақ 22 білім тарату орталығы құрылды.
Алғаш рет ағымдағы үш жылдық кезеңге арналған ғылыми зерттеулердің тақырыптары салалық қауымдастықтардың қатысуымен қалыптастырылды, бұл ғылыми ұйымдар жұмысының бағытын бизнестің қажеттілігіне қарай бағыттады.
АҚШ пен Бразилияның тәжірибесі бойынша аграрлық парктер мен өңірлік орталықтар жүйесі құрылады, олар инновациялардан келетін әсерге қол жеткізуде технологиялар жолсеріктері мен фермерлер үшін көмекшілердің рөлін атқаратын болады. Олардың негізгі бағалау өлшемшарты тиісті аумақтағы өнімділіктің нақты өсімі болады. Екінші жағынан, аталған жүйе отандық ғалымдардың әзірлемелерінің қажеттілігін бағалауға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, Назарбаев Университетінің үлгісі бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық техникалық университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеттерінің әлемнің жетекші аграрлық университеттерінің франшизін тарту, бірлескен білім беру бағдарламаларын құру және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша жұмыстар басталды.
Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ресурс үнемдейтін технологияларды енгізуге тарту үшін ағымдағы жылы инвестициялық салымдар кезінде шығыстардың бір бөлігін субсидиялауға қосымша 27,5 млрд.теңге, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға – 26,7 млрд. теңге бөлінді.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемін ұлғайту мақсатында ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бойынша бизнес шығындарының бір бөлігін субсидиялау енгізіледі, ол бизнес пен ғылымның өзара іс-қимыл тетігін іске қосуға мүмкіндік береді, сондай-ақ тамақ және өңдеу өнеркәсібінде инновацияларды енгізу ауқымын едәуір жеделдетеді. Тиісті заң жобасын Парламент Мәжілісі мақұлдады.
Озық тағамдық технологиялар трансфертін дамытуға қатысты
Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі озық азық-түлік технологияларының трансфертін жүзеге асыру үшін трансұлттық компанияларды тарту бойынша шаралар қабылдауда.
Мәселен, 2018 жылы Түркістан облысында ҚХР-ның «Golden Camel» компаниясы қуаттылығы тәулігіне 100 тоннаға дейін түйе және бие сүтін өңдейтін зауытты іске қосты.
Павлодар облысында Lactalis компаниясы (Франция) 840 басқа арналған сүт кешенін пайдалануға енгізді. Алматы облысында «Empire Food» (Иран) қуаттылығы ауысымына 100 бас ІҚМ және 1500 бас ұсақ мал соя алатын ет комбинатын пайдалануға енгізді.
Сонымен қатар, ет өңдеу секторына «Taison Food» (АҚШ), «Dunbia» (Ұлыбритания), «Grand Farm» (ҚХР), «Baumann» (Германия), «Inalca/Cremonini» (Италия), «Cedar Meats» (Австралия) сияқты трансұлттық компанияларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бұдан басқа, 2018 жылғы қазанда Солтүстік Қазақстан облысында крахмал, глютен, азықтық өнімдер, биоэтанол өндіруге арналған қуаттылығы жылына 220 тонна бидай өңдейтін «БиоОперейшн» ЖШС бидайды тереңдете өңдейтін инновациялық зауыт іске қосылды.
Өндіріске технологиялар трансфертін енгізу бойынша нақты жұмыстар Алматы облысының жүгеріні терең өңдеу кәсіпорны "Жаркент крахмал-сірне зауыты" ЖШС-да жүргізілуде. Нәтижесінде кәсіпорын Орта Азияда теңдесі жоқ жаңа өнім түрін – глюкозалы - фруктозалы шәрбат жасап шығарды.
Тағамдық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін салалық ұлттық стандарттарды әзірлеуге және отандық өнімді тұтынушы елдердің халықаралық стандарттарымен үйлестіруге қатысты
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында тамақ өнімдеріне қойылатын міндетті талаптар Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) (бұдан әрі – Одақтың ТР) техникалық регламенттерінде белгіленген:
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне, сондай-ақ оны таңбалауға қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін (2) көлденең техникалық регламенті:
Өнімнің жеке тобына қойылатын ерекше талаптарды белгілейтін (10) тік техникалық регламенті:
«Құс етінің қауіпсіздігі туралы» және «Азық және азықтық қоспалардың қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР 2 жобасы әзірленуде.
2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі - Шарт) сәйкес Одақтың ТР-ын әзірлеу үшін негіз ретінде тиісті халықаралық стандарттар (стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдар қабылдаған ережелер, директивалар, ұсынымдар және өзге де құжаттар) қолданылады.
Осылайша, жоғарыда көрсетілген Одақтың ТР-ы халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып әзірленді (Алиментариус кодексі - Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының халықаралық комиссиясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ИСО) және Еуропалық Одақтың директивалары қабылдаған тағамдық халықаралық стандарттардың жиынтығы).
«Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес стандарттау қағидаттарының бірі халықаралық және өңірлік стандарттар негізінде ұлттық стандарттарды әзірлеу болып табылады, бұл өз кезегінде саудадағы техникалық кедергілерді жоюға, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экспортты жылжытуға әкеледі.
Бүгінгі таңда Бірыңғай мемлекеттік нормативтік техникалық қорында аталған саланың 2 577 стандарты бар, олардың 2 112-сі – мемлекетаралық стандарт (МЕМСТ) және 465 ұлттық стандарт (ҚР СТ).
Салалар бөлінісінде негізгі бағыттар бойынша стандарттармен қамтамасыз етілу мынадай: ет және ет өнімдері (232 МЕМСТ және 60 ҚР СТ), сүт және сүт өнімдері (230 МЕМСТ және 76 ҚР СТ), дәнді-бұршақты, бұршақты дақылдар және олардың өңделген өнімдері (245 МЕМСТ және 76 ҚР СТ), жемістер, көкөністер және олардың өңделген өнімдері (319 МЕМСТ және 44 ҚР СТ), балық және балық өнімдері (164 МЕМСТ және 9 ҚР СТ) және басқалары.
2019 жылға арналған Мемлекеттік стандарттау жоспарына тамақ өнеркәсібі саласында 193 стандарт әзірлеу енгізілді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу