Олжас Смағұлов ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды

ҚР Премьер-Министрінің өкімімен Олжас Мұхтарұлы Смағұлов ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 

Олжас Смағұлов Алматы қаласында дүниеге келген. Америкалық құрлықаралық университетін, Калифорния мемлекеттік политехникалық университетін, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, Лондон экономика және саясаттану ғылымдары мектебін тәмамдаған.

Түрлі жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының бас маманы, Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы, Ақтөбе облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 

2018 жылғы шілде айынан бастап Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу