Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «29» қарашадағы  № 749  қаулысы

Атырау облысы Атырау қаласының Бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) туралы

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес және Атырау облысының Атырау қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. 1. Қоса беріліп отырған Атырау облыстық және Атырау қалалық мәслихаттары мақұлдаған Атырау облысы Атырау қаласының Бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін.
  2. 2. «Атырау қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 тамыздағы № 880 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрi                  Б. Сағынтаев

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу