Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «29» тамыздағы № 487 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 маусымдағы № 595 қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы                     24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат).

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі             К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу