Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №802 Қаулысы

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жекпе-жек» жекпе-жек сарайының атауын өзгерту туралы

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының  4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жекпе-жек» жекпе-жек сарайының атауы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы болып өзгертілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi    А. Мамин

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу