Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №800 Қаулысы

«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және  спорт басқармасы «Тараз-Арена» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Тараз-Арена» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі      А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу