Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 26 қарашадағы №796 Қаулысы

Төтенше ахуалдар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде халыққа медициналық көмек көрсету тәртібін, түрлері мен көлемін бекіту туралы


«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған төтенше ахуалдар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде халыққа медициналық көмек көрсету тәртібі, түрлері мен көлемі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                                                                  А. Мамин

Тізім

Тәртіп

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу