Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы №541 Қаулысы

Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 13 және 14-тармақтарына, 152-бабының  6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының  3 және 4-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу