Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №262 Қаулысы

Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы

 

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу