Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «25» ақпандағы № 111 қаулысы

«Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. «Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 6, 62-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2-7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі – Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын Қағидалардың 7-тармағын, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың
8-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі             К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу