Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №146 Қаулысы

«Болашақ» халықаралық стипендиясын беру мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3)тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:

  2. «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  3. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  4. «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  5. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының шығыстарын өтеу»мемлекеттік қызмет стандарты;

  6. «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттарына аванс беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  7. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерді орындауы кезінде қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

  8. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.     

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                           С. Ахметов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу