Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №136 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ақпараттандыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан РеспубликасыныңЗаңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандарты;

2) «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандарты;

3) «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4) «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы сақтауға беру» мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандарты;

5) «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметініңкейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                 С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу