​​​​​​​Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «22» шілдедегі  № 421 қаулысы

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 15, 90-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасында:

«Бірінші бағыт: инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:

12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Жергілікті атқарушы органдар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – Бағдарлама операторы) өңірлік даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органымен келісілген, Бағдарлама шеңберінде іске асыру ұсынылатын ауылдық жерлерде фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар салу жөніндегі  жобаларды және инфрақұрылымдық жобаларды қолданыстағы заңнамада талап етілетін техникалық құжаттаманы, жобаны таңдауды, құрылатын жұмыс орындары саны мен орташа айлық жалақы көрсеткіштерінің негіздемесін қоса бере отырып, жыл сайын            15 сәуірден кешіктірмей ұсынады.»;

мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2 тармақтармен толықтырылсын:

«19-1. Қазақстан Республикасы Үкіметтің арнайы резервінен бөлінген қаражат шеңберінде инфрақұрылымды (әлеуметтік-мәдени объектілер, инженерлік-көлік инфрақұрылымы), ТКШ-ны ағымдағы және орташа жөндеуді, абаттандыруды көздейтін жобаларды іріктеу рәсімі 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап облыс орталықтарының және Алматы қаласының аудандарына қосылған ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде, аудандық маңызы бар қалаларда жергілікті қоғамдастық жиналысында мыналарға:

1) жеткізілген қаржыландыру лимиттеріне;

2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қоса қаржыландыру мүмкіндіктеріне;

3) елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту және жақсарту қажеттілігіне;

4) бірінші кезектілігі мен өзектілігіне негізделе отырып жүзеге асырылады.

Жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу нәтижесі бойынша хаттама жасалады.

Жергілікті атқарушы органдар деректерді жинақтаған соң бес жұмыс күні ішінде Бағдарлама операторына жергілікті қоғамдастық жиналасының хаттамасын қоса бере отырып, жобалардың тізбесін ұсынады.

19-2. Қазақстан Республикасы Үкіметтің арнайы резервінен бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылатын инфрақұрылымды (әлеуметтік-мәдени объектілер, инженерлік-көлік инфрақұрылымы), ТКШ-ны ағымдағы және орташа жөндеуді, абаттандыруды көздейтін жобаларды қаржыландыру лимитін Бағдарлама операторы жергілікті атқарушы органдарға 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап облыс орталықтарының және Алматы қаласының аудандарына қосылған ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде, аудандық маңызы бар қалаларда тұратын халықтың санына байланысты жеткізеді.

Бұл ретте қаржыландыру лимитін бөлген кезде даму әлеуеті төмен ауылдар мен кенттер алып тасталады.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысатын Бағдарламаға қатысушылар мен жұмыс берушілер туралы мәліметтер әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінде орналастырылады.»;

97-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздықтың қолайлы деңгейін сақтау қажеттілігіне байланысты жеткізілген лимиттің жалпы сомасының 70 %-ына дейін ауылдық жерлерге жіберуге тиіс.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу