Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 Қаулысы

«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы

«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Мынадай салықтар мен әлеуметтік төлемдердің:
  • төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының;
  • жеке практикамен айналысатын тұлға дербес төлейтін жеке табыс салығының;
  • дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардың мөлшерлемелеріне «0» коэффициенті белгіленсін.

Осы тармақтың ережелері мынадай салық төлеушілер мен олардың жұмыскерлеріне қатысты қолданылады:

  • міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде басталатын жеке практикамен айналысатын тұлғалар және осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері;
  • міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейінгі кезеңде басталатын, осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері.
  1. 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде:
  • әуе айлақтарындағы ұшу-қону жолақтары мен әуежайлардың терминалдары бойынша;
  • жеке практикамен айналысатын тұлғалардың мүлік салығының мөлшерлемелеріне «0» коэффициенті белгіленсін.
  1. Әуе жолаушылар көлігі қызметімен айналысатын Қазақстан Республикасының резиденттері-салық төлеушілерге техникалық қызмет көрсету және әуе кемелері лизингінің мәмілелерін заңдық сүйемелдеу бойынша резидент емес үшін есептелген қосылған құн салығын төлеу бойынша 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін кейінге қалдыру берілсін.

Бұл ретте есептелген қосылған құн салығының сомасы 2021 жылғы
1 қаңтарға дейін бюджетке төленген жағдайда аталған салық төлеушілер резидент емес үшін есептелген қосылған құн салығының сомасын резидент еместен осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу салық салынатын айналым деп танылған салық кезеңінде есепке жатқызады.

  1. «COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № 28/2020 бұйрығына сәйкес 2020 жылғы 1 наурыздан бастап төленетін эпидемияға қарсы
    іс-шараларға тартылған қызметкерлердің үстемеақылары төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, жарналардың және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың объектілері болып табылмайды деп белгіленсін.
  2. 2019 жылғы міндеттемелер бойынша салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімі 2020 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 31 мамырға ауыстырылсын.
  3. Осы қаулы 2020 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 4 және 5-тармақтарды қоспағанда, 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

1-қосымша

2-қосымша

 

Қазақстан Республикасының

                 Премьер-Министрi                                                             А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу