Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №222 Қаулысы

Мемлекеттік мүлікті берудің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен бірлесіп, осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу