Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «19» шілдедегі  № 410 қаулысы

«Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2016 – 2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту және «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 586 қаулысына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1138 қаулысының 1-тармағының қолданысын тоқтата тұру туралы

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 324-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің
2016 – 2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту және «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы                              № 586 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1138 қаулысының                      (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 585-құжат)                   1-тармағының қолданылуы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Осы қаулы 2016 жылғы 23 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі              К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу