Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «19» сәуірдегі № 234 қаулысы

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының
2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;

2) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары;

3) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қағидалары бекітілсін.

2. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 16-17, 91-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасында:

«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:

«Әзірлеу үшін негіздеме» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

Әзірлеу үшін
негіздеме

«Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
19 наурыздағы № 958 Жарлығы;

«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы;

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі.

»;

«Кіріспе» деген 2-бөлімде:

«Негізгі терминдер мен анықтамалар» деген кіші бөлімде:

21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«21) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі;»;

мынадай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:

«32) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға
(бұдан әрі – БЖЗҚ);

«Бағдарламаның мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері, оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:

«Міндеттері» деген 4.3-кіші бөлімде:

«Іскерлік байланыстарды кеңейту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер» деген 11-кестеде:

реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын;

«Бағдарламаның басты бағыттары» деген 5-бөлімде:

5-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жеке және тиімді жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қатысушылар бола алады.

Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру құралы бойынша Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде жеке және тиімді жобаларын елдің барлық өңірлерінде салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер қатысушылар бола алады.»;

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақмен толықтырылсын:

«5-1. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы бойынша айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) жобаның іске асырылатын орнына қарамастан әрі шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің тіркелген орнын есепке алмай салалық шектеулерсіз ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен кредиттер алған (алатын) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері де қатысушылар бола алады.»;

6-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. ӨҮК-нің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін көздейтін жобалар жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп түсініледі.

Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер бойынша жоба іске асырылғаннан кейін жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, кірістердің өсуі, бюджетке төленетін салықтар көлемінің тиісті көрсеткіштерден
10 %-ға өсуі талап етілмейді.»;

мынадай мазмұндағы 7-1-тармақмен толықтырылсын:

«7-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерді субсидиялау жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылатын, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:

1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;

2) БЗЖҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Кепілдік тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша ғана беріледі.

Қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін көздейтін жобалар тиімді жобалар деп түсініледі.»;

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақмен толықтырылсын:

«22-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де кепілдендіруге жатады.»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Айналым қаражатын қаржыландыру:

1) айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге бағытталған кредит;

2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылған жағдайда ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгені қоса алғанға дейінгі банктердің кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.»;

26-тармақ алып тасталсын;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайды.»;

36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«36. Мемлекеттік гранттарды мемлекет шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан тұлғалардың мемлекеттік гранттар беруге арналған өтінімдерін іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы береді. Бұл ретте Бағдарлама шеңберінде оқыту құрауыштары сертификатының болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.»;

42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«42. Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен кредит беру үшін ӨҮК шешімімен айқындалатын МУҰ-ға беріледі.»;

50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«50. МУҰ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидаларында айқындалатын өлшемшарттарға сәйкес ХҚҰ-ға кредиттік ресурстар береді.»;

56-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы қаржылай қолдау шарасын іске асыру мақсаты үшін МУҰ функцияларын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жүзеге асырады.»;

78-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы қаржылай қолдау шарасын іске асыру мақсаты үшін МУҰ функцияларын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жүзеге асырады.»;

«Екінші бағыт: экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау» деген кіші бөлімде:

94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«94. Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар:

1) Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында;

2) Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында өз жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған тиімді кәсіпкерлер болып табылады»;

«Банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау» деген кіші бөлімде:

95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«95. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

Тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп:

1) кәсіпкерлердің Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) өтініш бергенге дейінгі өткен 3 (үш) жылда кірістерінің өсуіне және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінің;

2) ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін қамтамасыз ететін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі.

Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға бағытталған, БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қаржыландыруға бағытталған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар қолданылмайды.»;

мынадай мазмұндағы 95-1-тармақпен толықтырылсын:

«95-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.»;

98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«98. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерді субсидиялау жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылатын, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:

1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;

2) БЗЖҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.»;

108 және 109-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«108. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялауноминалды сыйақы мөлшерлемесі
19 %-дан аспайтын, оның 7 %-ына мемлекет өтемақы төлейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.

109. ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі
19 %-дан аспайтын, олардың 10 %-ына мемлекет өтемақы төлейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.»;

115-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) деңгейлерінің көлемі 2-ден кем емес, тұрақ коэффициенті сауда алаңының 40 шаршы метріне 1 орыннан кем емес.»;

117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«117. Ішінара кепілдік беру жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша ғана ұсынылады.

Тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп:

кәсіпкердің 180 млн. теңгеден асатын кредиттері бойынша Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне)/180 млн. теңгеге дейінгі кредиттері бойынша Қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі өткен 3 (үш) жылда кірістерінің өсуіне және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінің;

180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша ӨҮК-нің шешімін/180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша Қаржы агенттігінің шешімін алған күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін көздейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі.»;

мынадай мазмұндағы 117-1-тармақпен толықтырылсын:

«117-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де кепілдендіруге жатады.»;

118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«118. Айналым қаражатын қаржыландыру:

1) айналым қаражаты кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге бағытталған кредит;

2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылған жағдайда ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру айналым қаражаттарын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгені қоса алғанға дейінгі банктердің кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.»;

123-тармақ алып тасталсын;

127-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«127. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайды. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша даму банкінің сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайды.»;

167-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрудың шекті күні ӨҮК шешімінде көрсетіледі.»;

186-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) іскерлік байланыстарды кеңейтудің функционалдық бағыты бойынша: шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату.»;

194-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«194. Қаржы агенттігінің өңірлік филиалдары жанындағы КҚКО-ны ұстауға және оның жұмыс істеуіне арналған шығыстарды қаржыландыру қаржы агенттігінің жеке қаражаты есебінен, қаржылай емес қолдау операторының жанындағы – қаржылай емес қолдау операторының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;

263-тармақта:

бірінші бөлікте:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2)өтініш беруші белгіленген нысанда қаржы агенттігіне оқытуға өтінім береді. Бұл ретте Өтініш беруші жобаны іске асыруға байланысты мониторингті немесе өзге де іс-қимылдарды жүргізу үшін қажетті барлық мәліметтер мен деректерді ұсыну туралы жазбаша міндеттемеге қол қояды. Қаржы агенттігі уәкілетті орган айқындайтын квоталарға сәйкес жиынтық өтінімді қалыптастырады және оларды уәкілетті органға келісуге жібереді;»;

3 және 4) тармақшалар алып тасталсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) уәкілетті орган Бағдарламаға қатысушылардың келісілген тізбесін «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ға жібереді.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қаржы агенттігі «Назарбаев Университет» ДБҰ-мен бірге Бағдарламаға қатысушылардың кәсіпорынды дамыту бойынша қызметін мониторингтеуді жүзеге асырады.»;

270-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, құрауыш операторы ұсынылған өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында (бұдан әрі – Өтеу қағидалары) көзделген тәртіппен 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;»;

287-тармақта:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін:

1) лицензия және рұқсат алу мәселелері бойынша – мемлекеттік органдарда;

2) кредиттер алу мәселелері бойынша – екінші деңгейдегі банктерде;

3) мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша – даму институттарында сүйемелдеу.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) саласындағы:

1) жеке әріптесті айқындау жөніндегі конкурс шеңберінде әлеуетті жеке әріптестің конкурстық өтінімін дайындау бойынша;

2) жеке әріптесті айқындау шеңберінде МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеу бойынша;

3) МЖӘ шарттарын дайындау және бекіту бойынша;

4) МЖӘ жобаларын іске асыру мәселелері бойынша консультация.»;

302-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«302. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберіндегі қолдау қызметін экономиканың басым секторлары мен ИИДМБ-да анықталған өңдеуші өнеркәсіп салаларында және моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз жүзеге асыратын, сондай-ақ қаржылық тұрғыдан орнықты және өсу әлеуеті жоғары және Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын консультациялық жоба шығындарының жалпы құнының бір бөлігін жабуға әзір шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.»;

305-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) қызмет саласы – экономиканың барлық басым секторлары мен ИИДМБ-де анықталған өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы және моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі салалық шектеулерсіз қызмет;»;

312-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2)өтініш беруші ЕҚДБ шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бағдарламасының жәрдемімен қолдау алуға өтінімді және қажетті құжаттар топтамасын (оның ішінде Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының стандартты нысанына сәйкес толтырылған өтінімнің түпнұсқасы, құрылтай құжаттарының көшірмелері, алдыңғы өткен толық екі жыл және өтінім берген кездегі ағымдағы қаржы кезеңі үшін қаржылық есептердің көшірмелері) ЕҚДБ-ға ұсынады;»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) ЕҚДБ маманы Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға өтініш берушілердің жиынтық тізбесін қалыптастырады және мүдделі кәсіпорындар туралы ақпаратты тіркеумен және сақтаумен айналысады, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға мақұлдау алған кәсіпкерлердің жиынтық тізбесін қаржы агенттігіне хабардар ету мақсатында ұсынады;»;

361-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 бұйрығымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында белгіленеді.»;

«Функционалдық бағыт: іскерлік байланыстарды кеңейту» деген бөлімде:

«Отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету» құралы» деген кіші бөлімі және 378, 379, 380, 381, 382, 383, 384, 385, 386, 387, 388, 389, 390-тармақтар алып тасталсын;

«Бағдарламаны іске асыру мониторингі» деген кіші бөлімде:

400-тармақтың 3) тармақшасының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті – КҚКО базасындағы форматқа сәйкес семинар өткізу жолымен жыл сайын.

Бағдарлама нәтижелілігі аудитінің нәтижелері есепті жылдан кейінгі қаржы жылының шілдесінен кешіктірмей қаржылай емес қолдау операторы уәкілетті органға беретін Бағдарлама тиімділігінің кешенді талдамалық есебіне қосылады.»;

«Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауы» деген кіші бөлімде:

407, 408-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«407. Бағдарлама тиімділігінің жылдық кешенді талдамалық жалпы есебін қалыптастыру мақсатында қаржы агенттігі есепті жылдан кейінгі жылдың сәуірінен кешіктірмей Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттары мониторингінің нәтижелерін қаржылай емес қолдау операторы мен уәкілетті органға жібереді.

408. Кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті қолдаудың қаржылық шараларына мониторинг жүргізу мақсаты үшін қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес салықтық құпия болып табылатын мына:

1) кәсіпкер кірісінің өсу серпінін қаржы агенттігінің айқындауы үшін кірістер;

2) қаржы агенттігінің кәсіпкер жұмыс орындарының орташа жылдық санының өсуін айқындауы үшін жұмыскерлер саны;

3) жұмыскерлердің есептелген кірістері және жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстар;

4) бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы;

5) қаржы агенттігінің кәсіпкердің бюджетке салық төлемдерінің ұлғаю серпінін айқындауы үшін салық төлемдері сомасы туралы мәліметтерді қаржы агенттігіне ұсынуға келісім беру туралы өтініш береді.

Кәсіпкердің кірісінің, жұмыскерлерінің орташа жылдық санының өсу, салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін айқындау үшін қаржы агенттігі Кәсіпкердің салықтық есептілігінің тиісті нысандарында көрсетілген ақпаратты пайдаланады. Кәсіпкердің кірісінің, жұмыскерлерінің орташа жылдық санының өсу, салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін есептеу кезіндегі есепті күн ӨҮК шешімі қабылданған күнге қарамастан, келесі қаржы жылының басы болып табылады.»;

«Бағдарламаның критерийлері» деген кіші бөлімде:

410-тармақта:

2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«банктердің/Даму банкінің/ лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерін/лизингтік мәмілелерін қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;»;

мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) ұлттық және шетелдік валюталарда кредит беруге жол берілетін Бағдарламаның үшінші бағытын қоспағанда, кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі/микрокредиті ұлттық валютада берілуге тиіс.»;

418-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«418. Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілері/қаржы агенттігі/МУҰ пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылы жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылуы мүмкін.»;

424-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бұл ретте кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы бойынша Бағдарламаға қатысушылар қаржы агенттігі белгілеген мерзімдерде кәсіпкерлер және олармен жасалған субсидиялау шарттары бөлінісінде субсидиялар сомасын уақтылы есептен шығаруды көздейтін МТ102 форматындағы файл алмасуды автоматтандыруды қаржы агенттігімен бірлесіп іске асырған банктер/банктер-төлем агенттері болуы мүмкін.»;

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

         3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу