Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «18» қарашадағы № 706 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

  1. «Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне,   сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1500 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1023-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 6, 7, 8, 12, 13-қосымшалар осы қаулыға 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға  8-1-қосымшамен толықтырылсын;

  1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 551-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігi туралы ережеде:

16-тармақтың 202) тармақшасы алып тасталсын;

17-тармақта:

63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«63) бюджет қаражаты есебiнен берілетін мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы, жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау және оларды төлеуді қамтамасыз ету;»;

67) және 68) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«67) бюджет қаражаты есебiнен берілетін мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемінің, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің, арнаулы мемлекеттік жәрдемақының, мемлекеттік арнайы жәрдемақының, бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылардың, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмектің, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақының, жерлеуге арналған біржолғы төлемнің, Қордан берілетін әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық төленуін бақылауды жүзеге асыру:

68) бюджет қаражаты есебiнен берілетін мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, бала тууына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстығын тексеру;»;

  1. «2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 940 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 57-58, 471-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін толық емес көлемде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық көлемге дейін жеткізу ескеріле отырып, қайта есептеу қағидаларында:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Қайта есептелген зейнетақы төлемдерінің мөлшері Заңның  4-бабының 4-тармағын ескере отырып, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдерін толық емес көлемде алған барлық кезең үшін индекстеу ескеріле отырып арттырылады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар анықтаманы алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» филиалдарына Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес 1-ВС-нысаны бойынша 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мөлшерінің өзгергені туралы зейнеткерлік iстен үзiндi береді.».

  1. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                Б. Сағынтаев

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу