Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «17» маусымдағы № 445 қаулысы

Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды және уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беруді келісетін уәкілетті органды айқындау туралы

 

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсiптік қауіпсіздік комитетi уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою жөнiндегi қызметтi лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикасы министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияны беруді өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi бөлiгiнде келісетін уәкілетті орган болып айқындалсын.

2. «Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою бойынша қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 18 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 11, 205-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу