Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «17» маусымдағы № 442 қаулысы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң «Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 1484 және «Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы айғақтар тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2015 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1) «Жыныстық сәйкестендіруде ауытқушылығы бар адамдарды медициналық куәландыру және олардың жынысын ауыстыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы   7 желтоқсандағы № 1484қаулысы (Қазақстан Республикасының   ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 7, 134-құжат);

2) «Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық қарсы айғақтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2015 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 490-құжат).

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                   К.Мәсімов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу