17 Маусым 2015, 10:59
«Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 314-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 және «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 жарлықтарынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелсін.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу