Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 201 қаулысы

Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2017 жылға арналған тізбесін бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы
Бюджет кодексінің 216-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.   Қоса беріліп отырған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2017 жылға арналған тізбесі бекітілсін.

2.   Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                    Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2017 жылғы « 14 » сәуірдегі                      

№ 201 қаулысымен бекiтiлген

Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2017 жылға арналған

тізбесі

Р/с№ Жобаның атауы Жобаның жалпы құны
(мың теңге)
Іске асыру кезеңі (жылдар) Мемлекет-тік кепілдіктің мөлшері Қарыз алушы Әлеуетті қарыз беруші
1

«Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» 287-1073 км республикалық маңызы бар автомобиль жолын

реконструкциялау

287562800 2017 – 2020 244428380 мың теңге, 796 млн. АҚШ долларына дейін балама «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қытайдың экспорт -импорт банкі
2

«Мерке – Бурылбайтал»  

7-273 км республикалық маңызы бар автомобиль жолын

реконструкциялау

100446100 2017 – 2020 85379185 мың теңге, 253,3 млн. АҚШ долларына дейін балама «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қытайдың экспорт- импорт банкі
3 Азия даму банкінің қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы микро, шағын және орта бизнесті қаржыландыру 72000000 2017 – 2020 72 млрд. теңге

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»

акционерлік қоғамы

Азия Даму Банкі
4 Ирригация мен дренажды қалпына келтіру 53243090 2017 – 2019 48343720 мың теңге, 143 млн.   АҚШ долларына дейін балама Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ислам Даму Банкі

___________________

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу