Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 585 Қаулысы

Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидалары, сондай-ақ инвесторлар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібі бекітілсін.

2. «Инвесторлар үшін «бір терезе» қызметін ұйымдастыру туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1133 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 580-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                                       А. Мамин

 

Ережелер

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу