Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 наурыздағы №104 Қаулысы

«Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 27 тамыздағы № 866 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. «Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 866 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 706-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 

көрсетілген қаулымен бекітілген Шекаралық кеңістік шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға азаматтарды тарту қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Қағидалар «Жедел-iздестiруқызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі және «Қарсы барлау қызметі туралы»  2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңдарымен  регламенттелетін жедел іздестіру және қарсы барлау қызметіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «6. Жасырын ынтымақтастық түрінде Мемлекеттік шекараны қорғауға адамдарды тарту Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру  қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі және «Қарсы барлау қызметі туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы                Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.»;

1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                                  А. Мамин

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу