Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 04 наурыздағы №231 Қаулысы

«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 611-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасында:

3-тармақта:

үшінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы және он екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«борт журналы – осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмiрленген және тiгiлген, тасымалдаушының мөрімен бекiтiлген жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлiк құралында болатын журнал, оған автокөлiк құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргiзушiнiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан өткенi туралы белгiлер қойылады;»;

«жол жүру құжаты (билет) – ресімдеу жолымен жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат;»;

 «қозғалыс кестесi – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбiр аялдама пунктi бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәлiметтерді қамтитын құжат (кесте, графикалық бейне);»;

«маршрут – автобустың, шағын автобустың, троллейбустың белгiленген бастапқы, аралық және соңғы аялдама пункттерi арасында белгiленген жүретiн жолы;»;

«рейс – маршруттың бастапқы пунктiнен соңғы пунктiне дейiнгi автобустың, шағын автобустың, троллейбустың жолы;»;

мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

«қолмен жуу – автокөлік құралдарын су берудің жоғары қысымды аппараттарын, су жеткізу жүйелерін және (немесе) ыдыстардағы суды пайдалану арқылы қолмен жуу;

механикаландырылған жуу – жуу құрамы және суды жеткізу үшін құрылғылармен, айналатын және (немесе) қозғалатын щеткалармен, сондай-ақ желдеткіш құрылғысымен жарақтандырылған арка үлгісіндегі ауыстырылатын тетіктерден тұратын автокөлік құралдарын автоматты жуу;

таксометр – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау құнын (бағасын) есептеуге арналған құрылғы;

техникалық аялдама – автобустар мен шағын автобустардың жолаушыларды маршруттан түсіруді және маршрутқа отырғызуды көздемейтін аялдамасы.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау – тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалана отырып, алдын ала келiсiлген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттерi, жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi белгiленген қозғалыс кестелерi бойынша жүзеге асыратын тасымалдар.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдауды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын көлiк құралдары (автобустар, шағын автобустар немесе троллейбустар) алдын ала анықталады.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршруттан ауытқуға жол берілмейді.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы автокөлік құралында жол қағазының болуын қамтамасыз етеді, оны тасымалдаушы жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан және автокөлiк құралының техникалық тексеруден өткенi туралы белгiлер бар, тасымалдаушы ауысымға немесе рейске ресiмдейді.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес техникалық тексеруден өткен автокөлік құралдары жіберіледі, ал халықаралық жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыру үшін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болуы қажет.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды
жүзеге асыратын тасымалдаушылар рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруді және автобустар, шағын автобустар, троллейбустар жарамсыз болған жағдайда, олардың уақтылы ауыстырылуын қамтамасыз етедi.

Бұл ретте жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустар, шағын автобустар, троллейбустар тиiстi стандарттардың талаптарына сәйкес келуi тиiс.»;

11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Республикалық маңызы бар жолдар арқылы ұзақтығы 300 км астам қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық және халықаралық тұрақты және тұрақты емес тасымалдау үшiн пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустардың шалқаятын арқашалары бар жұмсақ орындықтары болуы тиiс.»;

13-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Автобустар, шағын автобустар, троллейбустар:»;

4) тармақшадағы «ақпараттық тақтайшалармен жинақталады.» деген сөздер «ақпараттық тақтайшалармен;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«5) дөңгелеуге қарсы құрылғылармен жинақталады.»;

14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустарда, шағын автобустарда, троллейбустарда мыналар болуы тиiс:»;

15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустардың, шағын автобустар мен троллейбустардың салондарын ылғалды жинау ауысымда кемiнде бiр рет және ластануына байланысты жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.»;

16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық және халықаралық тасымалдау маршруттарында пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустардың багаж бөлiмшелерi автобус салонынан тыс болуы тиiс.

17. Тахографтармен:

1) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тасымалдауды;

2) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалааралық облысаралық тасымалдауды;

3) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар жабдықталуы тиiс.»;

18-тармақта:

бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Автобустардың, шағын автобустардың және троллейбустардың салонында жүргiзушi кабинасының (орнының) жанында мыналарды қамтитын ақпарат орналасады:»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар, шағын автобустар және троллейбустар дауыс зорайтқыш қондырғылармен, ал басқарудың автоматтандырылған жүйесi (бұдан әрi – БАЖ) жұмыс iстеген жағдайда желiдегi жұмысты бақылау құрылғысымен жабдықталуы тиіс.»;

20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар, шағын автобустар және троллейбустардың оң жағында, салонның жолаушылар есiктерi бiрiнің жанында маршруттың нөмiрi мен мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi қысқа сипаттамасы (аралық және соңғы аялдамалардың, маршрут өтетiн негiзгi көшелердiң, қоғамдық мәнi бар орындардың атауы) бар трафарет орнатылады.

21. Қалааралық облысаралық және халықаралық маршруттардағы автобустар мен шағын автобустарда жол жүрудiң бастапқы, соңғы және iрi аралық пункттерi көрсетiлген алдыңғы және бүйiрлiк (оң жағында) трафареттерi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде, ал қажет болған жағдайда басқа тiлдерде ресiмделедi.»;

23-тармақ алынып тасталсын:

25, 27 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар және троллейбустар салонының алдыңғы жағында мүгедектерге, зейнеткерлерге, жүктi әйелдерге және мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушыларға арналған орындар көзделедi. Осы орындардың жанына олардың пайдаланылу мақсатын көрсететiн ақпараттық тақта орнатылады.»;

«27. Такси сырттан өзінде жеңіл автомобильдің бүйір жақтарына тасымалдаушы өзі анықтайтын кузовтың түсін, биіктігі 10 сантиметрден кем емесжәне жалпы жиынтық ұзындығы 100 сантиметрден кем емес шахматтық тәртіпте орналасқан қара және (немесе) сары шаршылардан тұратын белдеу салуды қарастыратын бірыңғай түстік гаммада ресімделеді.»;

«29. Такси жарамды таксометрмен немесе кассалық-бақылау машинасымен жарақталады.»;

35-тармақ алынып тасталсын:

37-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тасымалдаушы қосымша қозғалыс кестесiне қызмет көрсетуден бас тартқан немесе маршрутқа екі және одан көп тасымалдаушы қызмет көрсеткен (бір тараптан) жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар осы қозғалыс кестесiн конкурстық негiзде осы маршрутқа қызмет көрсету жөнiндегi шарттың қолданылу мерзiмiне бөледi.»;

42-тармақтың жетінші және оныншы абзацтары алынып тасталсын:

43-тармақ алынып тасталсын:

44, 45 және 46-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«44. Тасымалдаушы жүргiзушiлердi медициналық қызметкердің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан өткiзуiн қамтамасыз етедi.

45. Жүргiзушi рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан рейске (ауысымға) шыққанға дейiн немесе таксидегi жұмыс басталғанға дейiн отыз минут бұрын жол қағазын немесе борт журналын, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты көрсету бойынша өтедi.

46. Бiр күн iшiнде бiрнеше рейс орындау қажет болған кезде, рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыру бiрiншi рейстің алдында бiр рет өткiзiледi.»;

47-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«47. Жүргiзушiлердi рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыру жеке жүргiзiледi және оған:»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) артериялық қысымды, пульстiң жиілiгi мен сапалық сипаттамаларын өлшеу және бағалау, дене температурасын өлшеу, тамақты тексеру, лимфа түйiндерiн, iштi қарау, Ромберг тұрысындағы орнықтылықты, саусақ-мұрын және басқа да координациялық сынамаларды орындау дәлдiгiн анықтау кiредi. Жүргiзушi ауруының анамнезiнде артериялық гипертония болған кезде, рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудың жеке картасында жүргiзушiнiң негiзгi функционалдық көрсеткiштерiнiң рұқсат етiлген параметрлерi белгiленедi.»;

48-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Медициналық қызметкер жүргiзушiлер жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауын жүзеге асырған кезде – борт журналының, жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды, сондай-ақ таксимен тасымалдауды жүзеге асырған кезде – жол қағазының тиiстi бағаналарына мөртабан қояды. Мөртабанда тексеруден өткен күн, уақыт және медициналық қызметкердiң қолы қойылады.»;

49-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы қорытындымен келiспеген жағдайда, бұл адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес психоактивтi затты қолдану фактісін және масаң жай-күйін белгілеу үшiн медициналық куәландыруды жүргiзуге уәкiлеттi жақын арадағы медициналық ұйымға жiберiледi.»;

51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«51. Медициналық қызметкер рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыру жүргiзу сәтiне жүргiзушiнің көлiк құралдарын жүргізуге жарамдылығы туралы қорытынды бередi.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Автовокзалдарға, автостанцияларға және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне қойылатынталаптар және олардың жұмыс iстеу тәртiбi»;

53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«53. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары оларды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) автовокзалдары, автостанциялары және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тiзiлiмiне енгізілуі негiзiнде жұмыс iстейдi.

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тiзiлiмiне енгізу үшiн комиссия (бұдан әрi – комиссия) құрады.

Комиссия құрамы облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмiнің өкiмiмен айқындалады.

Комиссияға:

1) жергiлiктi атқарушы органдардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның);

2) көлiктiк бақылаудың аумақтық органдарының;

3) жол полициясы аумақтық органдарының;

4) автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері қоғамдық бiрлестiктерiнiң және тасымалдаушылардың өкiлдерi енгiзiледi.

Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.

Автовокзалдарды, автостанцияларды және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) автовокзалдары, автостанциялары және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тiзiлiмiне енгiзудi Комиссия ұсынған хаттама бойынша жергiлiктi атқарушы орган қабылдайды.

54. Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің жұмыс режимi жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылармен шарттық қатынастарды ескере отырып, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының келiсiмi бойынша айқындалады.»;

57-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) егер тасымалдаушылардың осы функцияларды орындауы мүмкiн болмаса, жолаушыларды тасымалдау қауiпсiздiгiн сақтау, жүргiзушiлердi рейс алдында медициналық куәландыруды және автобустардың, шағын автобустардың техникалық жай-күйiн бақылауды жүргiзу бойынша шараларды қамтамасыз ету.»;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың қызмет көрсету тәртiбi және қозғалыс кестелерiн (графиктерiн) бұзулары туралы, сондай-ақ осы Қағидаға
15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тасымалдаушы және іске қосылған жылжымалы құрам туралы мәліметтерді көрсету арқылы жөнелтілген қосымша рейстердің саны туралы ақпаратты маршруттар бойынша талдауды жүргізу үшін маршруттарды ұйымдастырушыларға(рұқсат құжаттарын немесе куәлікті берген) ай сайын, келесi айдың 5-күнiнен кешiктiрмей хабардар ету.»;

мынадай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырылсын:

«57-1. Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкімшілігі мынадай негізгі функцияларды атқарады:

1) жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастыру;

2) жолаушыларды қауіпсіз отырғызуды және түсіруді, багажды тиеу мен түсіруді ұйымдастыру;

3) жолаушыларды ақпараттық қамтамасыз ету;

4) жолаушыларға жол жүрудің басталуын күту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.»;

58-тармақта:

бірінші бөліктің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ақпараттық қамтамасыз ету;

2) автобустар мен шағын автобустар тұратын алаң;»;

екінші бөліктің 4) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«4) автобустар мен шағын автобустарды тексеруге арналған бекеттер;»;

«8) жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiнде, жолаушыларға арналған күту залында, автобустар мен шағын автобустардың тұрағына арналған алаңдарда бейнебақылау.»;

мынадай мазмұндағы 58-1-тармақпен толықтырылсын:

«58-1. Автовокзалдар мен автостанцияларда:

1) мүгедектердің автокөлік құралдарын қою үшін арнайы жол белгілері орнатылған орындарды бөлу;

2) ғимараттарды, ғимаратқа кірер жолдарды, баспалдақтарды, ғимарат ішіндегі қозғалу жолдарын мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдардың қозғалуы үшін ыңғайластыру;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес есту мен көру қабілеті бойынша мүгедектерге арналған қолжетімді ақпараттық сигнал беру құрылғыларымен және байланыс құралдарымен жабдықтау;

4) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың баяу қимылдайтын басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы;

5) күту залдарында мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, жабдықталуға тиіс мүгедектерге арналған арнайы орындар бөлу;

6) қоғамдық дәретханаларды мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықтау;

7) мүгедектерге қызмет көрсету үшін арнайы бейімделген билет кассаларымен жабдықтау қамтамасыз етіледі.

Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде осы тармақтың
2) тармақшасының талабы қамтамасыз етіледі.

мынадай мазмұндағы 58-2-тармақпен толықтырылсын:

«58-2. Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің құрамында:

1) жолаушыларды қауіпсіз отырғызу мен түсіру, багажды тиеу мен түсіруге арналған алаң;

2) автобустарды қоюға арналған алаң;

3) жол жүру құжаттарын (билеттерін) және багаж түбіртектерін сатуға арналған орын;

4) жолаушыларды әртүрлі ауа райы жағдайларынан қорғауға арналған ғимарат бар.»;

65-тармақ алынып тасталсын;

67, 68 және 69-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«67. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық, ауданiшiлiк және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларға, тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкiмшiлiгi арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Қағидаға сәйкес жасалатын шарттардың негiзiнде қызмет көрсетедi.

Бұл ретте жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларға қызмет көрсету, олар белгiленген тәртiппен тиiстi маршрутта жұмыс iстеуге арналған автомобильмен жолаушылар мен багажды тұрақты халықаралық тасымалдауларға рұқсатты және автомобильмен жолаушылар мен багажды тұрақты республикаішілік тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсетуге арналған куәлікті, маршрут бойынша қозғалыс схемасын және ол бойынша қозғалыс кестесін, жолаушылар мен багажды тасымалдауға тарифтерді ұсынған кезде ғана рұқсат етiледi.

Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері осы Қағидаға сәйкес аталған қызмет түрiне жіберілген жолаушылар мен багажды тасымалдаушылармен шарттар жасасады.

Шарт тасымалдаушылар автовокзалға, автостанцияға және жолаушыларға қызмет көрсету пунктіне осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген рұқсат құжаттарын берген күннен бастап он күн ішінде жасалады.

68. Тасымалдаушыдан рұқсат құжаттарын кері қайтарып алу автовокзалдармен, автостанциялармен және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерімен шартты бұзу үшiн негiз болып табылады.

69. Автовокзалдар мен автостанциялар белгiлi бiр тұрақты маршруттарда тасымалдау көлемi артқан жағдайда, аталған маршрутқа қызмет көрсететiн тасымалдаушының қосымша автобустары мен шағын автобустарының шығуын ұйымдастырады.

Осы тасымалдаушы жазбаша бас тартқан жағдайда автовокзалдың немесе автостанцияның әкімшілігі мынадай критерийлер бойынша басқа тасымалдаушылардың автобустарын, шағын автобустарын тартады:

1) тұрақты жолаушылар автобус маршруттарында жұмыс істейтін;

2) осы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушының автобустары мен шағын автобустарының класынан төмен емес автобустар мен шағын автобустары бар.

Басқа тасымалдаушылардың қосымша автобустары мен шағын автобустарын жөнелту кезінде жол парағында қосымша рейсті орындау туралы автовокзалдың немесе автостанцияның мөрімен бекітілген белгі қосымша рейсті орындауға арналған рұқсат болып табылады.

Тасымалдау көлемi мерзімді (маусымдық, кешкi және басқалар) артқан жағдайларда автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері мен тасымалдаушылар облыстың жергiлiктi атқарушы органдарына тұрақты маршруттарды ұйымдастыру туралы ұсыныстар енгiзедi.»;

70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«70. Автовокзалдар мен автостанциялардың үй-жайларын ылғалды жинау күнiне кемiнде екi рет және ластануына байланысты жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргiзiледi.»;

мынадай мазмұндағы 70-1-тармақпен толықтырылсын:

«70-1. Жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің үй-жайларын ылғалды жинау тәулігіне кемінде бір рет және ластануына байланысты жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.»;

71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«71. Автовокзалдары, автостанциялары және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері жоқ, тұрғындарының саны 50 адамнан аз шаруа қоныстарында және өзге де елді мекендерде халықаралық, облысаралық, облысiшiлiк және қала маңы қатынастарға жолаушылар мен багажды тұрақты маршруттарда тасымалдау бойынша жол жүруге жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбiртектерiн сататын кассалық пункттердi ашуға рұқсат етiледi.»;

72-тармақ алынып тасталсын:

73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«73. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары автовокзалдарды, автостанцияларды және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін облыстың автовокзалдары, автостанциялары және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тiзiлiмiнен комиссияның келiсiмi бойынша мынадай жағдайларда:

олар осы Қағиданың 58, 58-1 және 58-2-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген кезде;

осы Қағиданың 57 және 57-1-тармақтарында көзделген негiзгi функцияларды тиiсiнше орындамаған кезде;

олардың қызметтері ҚР СТ 2271-2012 «Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтері.» ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келмеген кезде шығарады.»;

74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«74. Жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату:

1) автовокзалдардың, автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің билет кассалары және кассалық пункттер арқылы;

2) маршруттың аралық аялдама пункттерiнде билет кассалары болмаған жағдайда автобуста, шағын автобуста отыратын бос орындар болса, сондай-ақ жолаушылар мен багажды 50 км артық қашықтықта тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде автобустар мен шағын автобустардың толу нормасына дейiн жүргiзушi немесе кондуктор;

3) оның ішінде байланыс құралдарын пайдалана отырып, жолаушылар агенттіктері жүзеге асырады.»;

75-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«75. Автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері және кассалық пункттердiң жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауға жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуы жүзеге асырылмайды.»;

мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:

«75-1. Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан елді мекендер арасында жол жүруге жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыратын автобустар мен шағын автобустарға жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды жүзеге асырмайды.»;

80, 81, 82, 83, 87, 88, 90 және 91-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«80. Жол жүру құжаты (билетi) жоғалған және жолаушы автобус, шағын автобус жөнелтiлгенге дейiн жол жүру құжатын (билетiн) сатқан адамға немесе тасымалдаушыға барған және жолаушының жол жүру құжатын (билетiн) сатып алғаны расталған жағдайда, билет ақы алмай қалпына келтiрiлуi тиiс.

81. Жолаушы алынған жол жүру құжатын (билетiн) кассаға автобус немесе шағын автобус жөнелтiлгенге дейiн қайтарған кезде, оған жол жүру құжатын (билетiн) сатқан адам қайтарылған жол жүру құжатының (билетінің) құнынан 3 пайыздан асырмай шегерiлген жол жүру құжатының (билеттiң) төленген құнын қайтарады.

Егер сатып алынған билетті қайтаруды оны сатпаған касса жүзеге асырса, онда касса қайтарылған жол жүру құжатының (билет) құнының 5 пайызын асырмай қайтарғаны үшін комиссия алады.

82. Автобусқа және шағын автобусқа кешiккен кезде жол жүру құжаттары (билеттерi) 3 күннен кешiктiрілмей қайтарылады, бұл ретте жол жүру құжаты (билеті) құнының 70 %-ына тең сома өтеледi.

83. Қалааралық облысаралық және халықаралық қатынастағы маршруттар бойынша жүретiн автобусты және шағын автобусты жөнелту кешiктiрiлген жағдайда, кiдiру немесе кешiгу еңсерілмейтін күштiң салдарынан орын алған жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушы жолаушыға кассалар арқылы автобус пен шағын автобусты жөнелтудiң әрбiр кешiктiрiлген сағаты үшiн жол жүру құнының үш пайызы мөлшерiнде айыппұл төлейдi. Бұл ретте айыппұлдың сомасы жолаушы сатып алған билет құнынан аспайды. Егер автобусты немесе шағын автобусты жөнелту автовокзалдың, автостанцияның немесе жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің кінәсінен кешіктірілген жағдайда, жолаушылар алдында автовокзал, автостанция немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункттері жауапты болады.»;

«87. Техникалық себептерге байланысты маршрут автобустың, шағын автобустың және троллейбустың қозғалысы мүмкiн болмаған жағдайда, жолаушыларға сатылған билеттер жарамсыз автобусты, шағын автобусты, троллейбусты ауыстыру үшін тасымалдаушы ұсынған автобуста, шағын автобуста, троллейбуста немесе осы маршруттың басқа автобусында, шағын автобусында және троллейбусында сапарды жүзеге асыру үшiн жарамды болады.

88. Тасымалдаушы билетте көрсетiлген автобус пен шағын автобустың орнына жол жүру құны қымбаттау тұратын басқа автобус пен шағын автобусты ұсынған кезде сапар алынған жол жүру құжаттары (билеттерi) бойынша қосымша ақысыз жүзеге асырылады.»;

«90. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық және қалааралық облысiшiлiк маршруттар бойынша тасымалдаудың жол жүру құжаттары (билеттер) автобус пен шағын автобустың отыруға арналған орындарының санына тең мөлшерде сатылады.

91. Автовокзалдарда, автостанцияларда және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде жолаушыларға автобустардың қозғалысы, жол жүру мен багажды алып жүру шарттары және көрсетiлетiн қызметтер мәселелерi жөнiндегi анық, толық және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған анықтамалық-ақпараттық қызметтiң жұмысы ұйымдастырылады.»;

93-тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте егер автовокзал, автостанция, жолаушыларға қызмет көрсету пункті немесе кассалық пункт тәулiк бойы жұмыс iстемесе, сыртында мынадай ақпарат орналастырылады:»;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің, кассалық пункттiң жұмыс уақыты.»;

94-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) осы автовокзалға, автостанцияға, жолаушыларға қызмет көрсету пунктіне келу уақыты және тұру уақыты (транзиттiк рейстер үшiн).»;

96-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын:

99-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«99. Автовокзал мен автостанция ұсынатын ақпараттың міндетті тізбесі мыналарды қамтиды: »;

5) тармақша алынып тасталсын;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) жол жүру құжаттарын (билеттерiн) басқа рейске қайта ресiмдеу тәртібін, сондай-ақ сапар iске аспаған жағдайларда жол жүру мен багажды алып жүру құнын қайтару тәртiбiн;»;

8) тармақша алынып тасталсын;

102-тармақтың 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) жолаушыларды отырғызу мен түсiруге арналған отырғызу алаңына автобус пен шағын автобусты оң жағымен ғана қоюды;

4) автобус пен шағын автобусты отырғызуға қойған кезде барынша аз маневрлеудi;

5) автобустар мен шағын автобустар қозғалысы бағытының жолаушылар қозғалысы бағытымен қиылысуын болдырмау көзделедi.»;

103 және 104-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«103. Автобустар, шағын автобустар автовокзал мен автостанция аумағы бойынша маневр жасаған кезде қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету үшiн тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi ғана емес, автовокзалдың, автостанцияның барлық аумағы жарықтандырылады, сондай-ақ тротуарлар мен жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерiн жүру бөлiгiнен бөлетiн қоршаулармен жабдықталады.

104. Жолаушыларды отырғызу үшін автобус пен шағын автобусты әкелу уақыты автобустар мен шағын автобустардың жөнелтiлу жиiлiгiне және отырғызу пункттерінің болуына байланысты және автовокзал мен автостанция жұмысының технологиялық процесiмен, ол кесте бойынша рейске автобус пен шағын автобус жөнелтiлгенге дейiн қалааралық қатынастағы автобустар мен шағын автобустар үшiн 15 минуттан және қала маңындағы қатынастың автобустары үшiн 10 минуттан кем болмай белгiленедi.»;

118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«118. Диспетчерлiк басшылық ету қозғалысты басқару, кестенiң сақталуын үздiксiз бақылау және маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың және троллейбустардың үздiксiз және тұрақты қозғалысын қамтамасыз ету үшiн жедел реттеу, сондай-ақ технологиялық процестегi көлiктiң барлық түрлерiмен жолаушылар тасымалдауды үйлестiру болып табылады.»;

120-тармақта:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) жол органдарын, жол полициясы органдарын, төтенше жағдайлар жөнiндегi органдарды маршрут бойынша жүрудiң күрделiлігі, оның iшiнде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалыстың шектеулерi немесе мүмкiн еместiгi және осыған байланысты автобустар мен шағын автобустардың уақтылы келмеуi туралы хабардар ету;»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) жүргiзушiлердiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан және автобустардың, шағын автобустардың рейс алдындағы техникалық тексеруден өтуiн қадағалау (автовокзалдың, автостанцияның немесе тасымалдаушының тиiстi қызметтерiнiң оларды өткiзгенi туралы құжаттық растаудың болуы);»;

9) тармақша алынып тасталсын:

10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«10) басқа автовокзалдардың, автостанциялардың диспетчерлiк қызметтерiн автобустарда, шағын автобустарда бос немесе босаған орындардың болуы туралы, сондай-ақ қозғалыс кестесiндегi өзгерiстер немесе автобустар мен шағын автобустардың кестеден озып кету (қалып қою уақыты), қосымша рейстердi алып тастау немесе кестеде көзделмеген рейстер енгiзу, қосымша автобустың жөнелтiлуi туралы хабардар ету;

11) автобустардың немесе шағын автобустардың жөнелтілу уақыты туралы белгісі бар автовокзалдың және автостанцияның мөрімен бектілген жол құжаттамасын ресiмдеу, сондай-ақ диспетчерлiк журнал жүргiзу;»;

13) тармақша алынып тасталсын:

122-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Диспетчер маршруттың соңғы және аралық пункттерiне рейстiң алынып тасталғаны, кестеде көзделмеген автобус пен шағын автобустың жөнелтiлгенi туралы немесе жөнелтудiң нақты уақытын және болжанып отырған келу уақытын көрсете отырып, алда қосымша рейстiң жiберiлетiнi туралы хабарлайды.»;

123, 124, 125 және 127-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«123. Автобус пен шағын автобус рейске жөнелтiлген кезде диспетчер жүргiзушiнiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан өтуiн, сондай-ақ автобус пен шағын автобустың рейс алдындағы техникалық тексеруден өтуiн (автовокзалдың, автостанцияның немесе тасымалдаушының тиiстi қызметтерiнiң оларды өткiзгенi туралы құжаттық растаудың болуы) бақылайды, ол туралы жол парағында тиiстi белгi жасалады.

124. Рейс алдындағы (ауысым алдындағы)  техникалық тексеруден өтпеген автобустар, шағын автобустар, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан өтпеген немесе заңнамада белгiленген еңбек және демалыс режимiн сақтамаған жүргiзушілер рейске жiберілмейді.

125. Маршрутта күрделi метеорологиялық жағдай қалыптасқан кезеңде автобус пен шағын автобус кесте бойынша келмеген жағдайда, диспетчер автобустың, шағын автобустың кiдiру себептерiн анықтау бойынша шаралар қабылдайды және бұл туралы автобус пен шағын автобусқа техникалық көмек көрсету және жолаушыларды межелі пунктiне жеткiзу үшiн диспетчерлiк қызметтiң орталық пунктi мен осы маршрутқа қызмет көрсететiн тасымалдаушыға хабарлайды.»;

«127. Диспетчердiң жұмыс орны отырғызу алаңдарын, автобустар мен шағын автобустардың келуi мен жөнелтiлуiн бақылай алатындай орналасады және ақпараттық көрсеткiштерді арнайы басқару пультiмен және дауыс зорайтқыш байланыс қондырғысымен, сондай-ақ автовокзалдың, автостанцияның әкiмшiлiгiмен, билет кассаларымен, анықтама бюросымен және диспетчерлiк қызметтiң орталық пунктiмен iшкi технологиялық байланыспен жабдықталады.»;

137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«137. Конкурс, оны жариялаған күннен бастап және конкурстың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күнге дейін, кемiнде күнтізбелік
30 және ең көбi 45 күндi қамтиды.»;

139-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жолаушыларды автобуспен тасымалдаушылар қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi кiредi.»;

141-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«141. Комиссия бес адамнан тұрады.»;

143-тармақта:

2) тармақша алынып тасталсын;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты республикаiшiлiк тасымалдауды ұйымдастыру шартының жобасы;»;

мынадай мазмұндағы 143-1-тармақпен толықтырылсын:

«143-1. Қатынас түрлері бойынша конкурсқа бөлек лоттармен қалалық (ауылдық), қала маңындағы, ауданішілік, ауданаралық (қалааралық облысішілік), қалааралық облысаралық маршруттар қойылады.»;

144-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) тасымалдаушының жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау саласындағы жұмыс тәжірибесі;

3) елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, бірақ конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан маршруттың бастапқы пунктінен 50 километрден аспайтын радиуста орналасқан, жылжымалы құрамды сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндiрiстiк-техникалық базаның (меншiктi, жалға алынған немесе шарт бойынша қызмет көрсететiн) болуы;»;

150-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«150. Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер конкурстық құжаттаманың жиынтығын алуға өтiнiмді жазбаша нысанда немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта бойынша ұсынады. Конкурстың ұйымдастырушысы конкурстық өтінімді үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сұрау салған адамға ұсынады.»;

151-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«151. Конкурсқа қатысушылар үшiн дайындалған конкурстық құжаттама жиынтығының осы Қағиданың 143-тармағының 1) және
4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттары жергiлiктi атқарушы органның мөрiмен расталады.»;

152-тармақта:

2), 4), 5) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«2) өз қызметiн заңды тұлғаны құрмай жүзеге асыратын заңды тұлғаны немесе кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн немесе анықтаманы;»;

«4) сақтандыру полистерінің немесе автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының көшiрмелерiн;

5) жылжымалы құрамның әрбiр бiрлiгi үшiн техникалық паспорттардың және ағымдағы кезеңде жарамды міндетті техникалық тексеруден өту туралы куәлiктердiң көшiрмелерiн. Бұл ретте жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында негiзгi ретiнде пайдаланылатын жылжымалы құрамды резервтiк ретiнде, ал резервтiктi негiзгi ретiнде ұсынуға жол берiледi. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында негiзгi жылжымалы құрам ретiнде пайдаланылатын жылжымалы құрамды негiзгi ретiнде ұсынуға жол берiлмейдi;»;

«8) «Автокөлiк құралдарының техникалық пайдалану ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 28 ақпандағы
№ 203 қаулысымен бекiтiлген талаптарға сәйкес жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде ұстау бойынша қажеттi жұмыстар кешенiн өткiзу мүмкiндiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн, оның iшiнде елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, бірақ конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан маршруттың бастапқы пунктінен 50 километрден аспайтын радиуста орналасқан өнеркәсiптiк-техникалық базаға құқық белгілейтін және құқықтық куәландыратын құжаттар, профилактикалық медициналық куәландыруды жүзеге асыруға жоғары немесе орта медициналық білімі туралы дипломның көшірмесін қоса бере отырып, медициналық қызметкермен жасасқан шарттың көшiрмелерін;»;

153-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген мерзiмдерi бұзылып берiлген өтiнiмдер мен оларға қоса берiлетiн құжаттарды комиссия хатшысы қабылдамайды және комиссия қарамайды.»;

154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«154. Өтiнiмдердi қабылдау осы Қағиданың 152-тармағында көзделген барлық құжаттар болған кезде жүргiзiледi. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар осы Қағиданың 152-тармағына сәйкес келмеген кезде комиссия хатшысы беру күні мен уақытынан бастап 5 жұмыс сағатының ішінде сәйкессіздіктерді көрсете отырып, құжаттарды берген тұлғаға жазбаша хабарлама береді.»;

156-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тексеру нәтижелерi бойынша конкурс алдындағы комиссия конкурстық ұсыныстарда ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығы туралы, қатысушы туралы толтырылған ақпарат бланкiсiне белгi қояды және қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетiлген автокөлiк құралдарының осы Қағиданың
1-тарауында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгi туралы анықтаманы (бұдан әрi – анықтама) қоса бередi.»;

158-тармақ алынып тасталсын;

159-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде ұстау бойынша қажеттi жұмыстар кешенiн өткiзуге және автобустарды рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруге, сондай-ақ жүргiзушiлердi рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыруға мүмкiндiгi болмаса;»;

160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:  

«160. Қатысушылардың нақты лотқа құжаттары бар барлық конверттер қаралғаннан және бағаланғаннан кейiн Комиссия хатшысы тиiстi қатысушылар бойынша конкурстық ұсыныстарды бағалау парақтарының қорытынды балдарын қосады және жалпы жиынтық балды анықтайды, ол хаттамаға тiркеледi.»;

161-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қатысушының конкурстық ұсыныстарында көрсетiлген автокөлiк құралдарының осы Қағиданың 1-тарауында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгi туралы конкурс алдындағы комиссияның оң бағасы болған жағдайда, осы қатысушы тиiстi лот бойынша Конкурстың жеңiмпазы деп танылады.»;

164-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«164. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурс қорытындысын өткізгеннен кейін күнтiзбелiк 10 күн iшiнде өздерi ұсынған конкурстық ұсыныстарды бағалау нәтижелерiн барлық қатысушыларға жазбаша жiбередi.»;

166-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;

171-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Егер куәлiктiң түпнұсқасын автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган берген болса, тасымалдаушы (жүргiзушi) маршрутта осы орган растаған куәлiктің көшiрмесiн қолдана алады.»;

172-тармақ алынып тасталсын;

174-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Рұқсат құжаттары берiлген күннен бастап күнтiзбелiк 30 күн iшiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органға осы Қағидаға сәйкес (қалалықтан (ауылдықтан) басқа) тасымалдаушы мен автовокзалдардың, автостанциялардың әкiмшiлiгi, жолаушыларға қызмет көрсету пункті жасаған шарттардың көшiрмелерiн ұсынады.»;

175-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«175. Егер автомобиль көлігі саласындағы заңнамада өзгеше көзделмесе, жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың республикаiшiлiк ұйымдастыру шарты қолданысы тоқтатылғанға дейiн күнтiзбелiк 60 күннен кешiктiрмей жергiлiктi атқарушы орган осы шарт бойынша қызмет көрсетiлетiн маршруттарға конкурс жариялайды. Бұл ретте конкурс жеңiмпазымен жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдауды ұйымдастыру шарты жасалады, ол осы маршрутқа қолданылатын шарт аяқталған күннен бастап күшiне енеді.»;

мынадай мазмұндағы 177-1-тармақпен толықтырылсын:

«177-1. Осы Қағиданың 175-тармағында көрсетілген мерзімдерде тасымалдаушы айқындалмаған жағдайда, маршрутты ұйымдастырушы тасымалдаушы айқындалғанға дейін маршрутқа қызмет көрсетуді бұрын осы маршрутқа қызмет көрсеткен тасымалдаушыға оның келісімімен береді.»;

178-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«178. Тасымалдаушының шарттың елеулi талаптарын бұзғанына байланысты конкурстың ұйымдастырушысы шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, тасымалдаушы шарт бұзылған осы маршрутқа шартты бұзған күнiнен бастап алты ай бойы конкурсқа қатыспайды.

Конкурс ұйымдастырушының шартты мерзiмінен бұрын бұзуына әкелетін шарттың елеулi талаптарының бұзылуы мыналар болып табылады:

жиiлiктің төмендігі (айына жетпiс пайыздан аз);

бір маршрутта бір жыл ішінде жүргізушінің (жүргізушілердің) кінәсінен адам өліміне әкеп соққан үш және одан көп жол-көлік оқиғасының
(ЖКО) болуы;

шарттың талаптарына сәйкес келмейтiн автобустарды маршрутта бiрнеше рет пайдалану;

маршрутта (маршруттарда) жұмыс iстеу құқығын үшiншi тарапқа беру;

тасымалдаушының кiнәсiнен адам өлiмiне әкеп соққан «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттерді орындамаумен байланысты жол-көлiк оқиғаларының болуы;

осы Қағиданы бұзу (бір жыл ішінде үш және одан көп) фактілерінің жүйелі түрде анықталуы.»;

179, 179-2, 181 және 182-тармақтар алынып тасталсын;

201-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«201. Қалалық (ауылдық) қатынастағы қолма-қол ақшаға жол жүру, белгіленген нормадан артық қол жүгін, сондай-ақ багажды алып жүру төлемінің фактісі жолаушыға жол жүру құжатын (билетін) берумен белгіленеді.»;

202-тармақ алынып тасталсын;

205-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«205. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру және багажды алып жүру төлемiн жолаушы маршруттың бастапқы пунктiнен сапарды жүзеге асыру кезiнде автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің кассасына немесе маршруттың аралық пунктiнде отырғызу кезiнде кондукторға (жүргiзушiге) жергілікті атқарушы орган бекітетін тарифке сәйкес төлейдi.»;

218, 219, 220, 222 және 244-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«218. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк), ауданiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарының қалаларда және iрi ауылдық елдi мекендерде орналасқан аралық аялдау пункттерi автовокзалдарда, автостанцияларда, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде болуы тиiс.

219. Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк) тұрақты тасымалдау маршруттарының автовокзалдары, автостанциялары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері жоқ елді мекендерде орналасқан аралық аялдама пункттерi осы Қағиданың талаптарына сәйкес жабдықталады.

220. Автобусқа, шағын автобусқа, троллейбусқа отырғызу кезiнде жолаушының жол жүру құжатының (билетiнiң) болуы тексерiледi. Автовокзалдарда, автостанцияларда тексеруді отырғызу бойынша кезекшi, ал жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде және осындай кезекшiлер жоқ аялдама пункттерiнде – жүргiзушiлер немесе кондукторлар жүзеге асырады.

Егер жолаушы электрондық жол жүру құжатын (билетті) сатып алса, онда электрондық жол жүру құжаты (билет) немесе жеке басты куәландыратын құжат сапарды қолдану құқығы үшін жеткілікті негіздеме болып табылады.»;

«222. Жолаушылар жол, электрондық жол жүру құжатынан (билеттен) басқа жүру құжаттарын (билеттердi) бүкіл сапар уақыты бойы сақтайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың болуын бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi адамдардың бiрiншi талабы бойынша тексеру үшiн көрсетедi.»;

«244. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысiшiлiк), қала маңы тасымалдаудың маршруттары бойынша жол жүру және багажды алып жүру төлемiн жолаушылар автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің кассасына, ал маршруттардың аралық аялдама пункттерiнде кондукторға (жүргiзушiге) тiкелей автобусқа отырғызу кезiнде, ол аялдама пунктiнен жөнелтiлгенге дейiн төлейдi.

Халықаралық, қалааралық облысаралық, ауданаралық төлеу де (қалааралық облысішілік), қала маңы маршруттары бойынша жол жүруге төлем жолаушылар агенттігі немесе электрондық билеттерді сату бойынша ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.»;

245-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«245. Егер жолаушы жол жүру құжатын (билетті) қағаз жеткізгіште сатып алса, онда жол жүру төлемiнiң фактiсi жолаушыға мынадай ақпаратты қамтитын жүру құжатын (билетті) берумен белгiленедi:»;

мынадай мазмұндағы 245-1-тармақпен толықтырылсын:

«245-1. Байланыс құралдары арқылы жол жүру құжатын (билетті) сатып алу кезінде жол жүруді төлеу фактісі билеттерді электрондық сату жүйесінде ақпараттың бар болуы болып табылады.»;

247 және 249-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«247. Егер жолаушы билеттi жүру жолында маршруттың автовокзалдан, автостанциядан, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінен тыс орналасқан аралық аялдама пункттерiнде сатып алса, онда кондуктор (жүргiзушi) билетке рейстiң нөмiрiн, жолаушының бастапқы және соңғы жүру пункттерiн, төленген жол жүру құнын, отыратын орнының нөмiрiн, жөнелтілу күнi мен уақытын қояды, сондай-ақ билет-есепке алу парағында тиiстi жазу жазады.»;

«249-1. Жылжымалы құрам бойынша куәлiкке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге тасымалдаушы өтiнiш бергенде және:

1) ауыстырылатын жылжымалы құрамның класы және шығу жылы ұқсас (немесе одан жоғары);

2) куәліктің негізгі құрамына толықтырылатын жылжымалы құрам негізгі құрам ретінде көрсетілген жылжымалы құрамның класы және шығарылған жылынан төмен емес;

3) куәліктің резервті құрамына толықтырылатын жылжымалы құрам резервті құрам ретінде көрсетілген жылжымалы құрамның класы және шығарылған жылынан төмен емес болып табылған жағдайда осы куәлiктi берген орган рұқсат бередi.»;

259-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«259. Осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi орган растаған маршрут бойынша қозғалыс схемалары мен ол бойынша қозғалыс кестелерiн, жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған тарифтердi және жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсатты (бұдан әрi – халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттары) алу үшiн, сондай-ақ халықаралық тасымалдауға арналған рұқсат құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн тасымалдаушы автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi органға жеке папкаға ресiмделген мына құжаттарды:»;

2), 5), 6) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«2) өз қызметiн заңды тұлғаны құрмай жүзеге асыратын заңды тұлғаны немесе кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн немесе анықтаманы;»;

«5) әрбiр бiрлiкке арналған техникалық паспорттардың және ағымдағы кезеңде міндетті техникалық тексеруден өткенi туралы куәлiктердiң көшiрмелерi қоса берiлген, маршрутта пайдаланылуы көзделетiн жылжымалы құрам туралы мәлiметтердi (автобустардың саны және үлгiсi (класы);

6) жылжымалы құрамды техникалық жарамды күйде күтiп ұстау бойынша жұмыстардың қажетті кешенін жүргізу мүмкіндігін растай отырып, елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, бірақ маршруттың бастапқы пунктінен 50 километрден аспайтын радиуста орналасқан өндірістік-техникалық базаға (жеке немесе жалға алған) құжаттардың көшірмелерін және профилактикалық медициналық куәландыруды жүзеге асыруға медициналық қызметкермен жасасқан шарттың көшірмелерін;»;

«8) автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері және техникалық аялдамалар, автомобильдерді мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерi, автобустар қозғалысының қауiптi учаскелерi,         сондай-ақ жылдамдық режимi көрсетiлген маршрут схемасын;»;

262-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат автобустардың, шағын автобустардың әрбір жүру кестесіне екі данадан ресімделеді.»;

264-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«264. Рұқсат берiлген күннен бастап күнтiзбелiк 30 күн iшiнде тасымалдаушы автомобиль көлiгi саласындағы уәкiлеттi органға тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкiмшiлiгi осы Қағидаға сәйкес жасасатын шарттардың көшiрмелерiн ұсынады.»;

268-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) тасымалдауды жүзеге асыруы болжанып отырған жылжымалы құрамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ автобустарды рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексерудi, сондай-ақ жүргiзушiлердi (ауысым алдындағы) медициналық куәландыруды жүргiзу мүмкiндiгiнің болмауы;»;

271-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) тасымалдаушылар мен автовокзалдардың, автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің әкiмшiлiгi осы Қағидаға сәйкес жасасатын шарттардың көшiрмелерiн белгiленген мерзiмдерде ұсынбаған;»;

276-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«276. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы автокөлiк құралында жүргiзушiнiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан және автокөлiк құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден өткенi туралы белгiлер бар борт журналының болуын қамтамасыз етедi.»;

278-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«278-1. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың автовокзалдар (автостанциялар) аумағынан және жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша жолаушыларды отырғызуына тыйым салынады.»;

287-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«287. Жолаушыларды және багажды тапсырыс берiлген автобустармен және шағын автобустармен тасымалдау қызметтерге тапсырыс берушi мен тасымалдаушының арасындағы жазбаша шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, оның көшiрмесi автокөлiк құралында болуға тиiс.»;

288-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«288. Жолаушылар мен багажды таксимен дара кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың (бұдан әрi – таксимен тасымалдаушы) тасымалдауы «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына белгiленген нысандағы хабарламаларды беру жолымен осы Қағиданың
26-30-тармақтарының талаптарына сәйкес жабдықталған жеңiл автомобильдермен жүзеге асырылады.

Таксимен жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде қызметтi хабарландыру тәртiбiнiң талаптарын сақтамай жүзеге асыруға рұқсат етiлмейдi.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары такси тасымалдаушысы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастау туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді, ол олардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

Көрсетілген тізілімнен шығаруды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары такси тасымалдаушысының өтініші, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы
4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 2-тармағында және осы Қағидада көзделген такси тасымалдаушысының қызметіне тыйым салу немесе міндеттемелерін орындамауы туралы сот шешімі бойынша жүргізеді.»;

289-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«289. Такси тасымалдауды жүзеге асыру үшiн кемiнде төрт бүйір есiгi бар, сериялы шығарылатын жеңiл автомобильдер қолданылады.»;

10-тараудың 2-бөлімінің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Таксимен тасымалдауды жүзеге асыру және ақпараттық-диспетчерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру тәртiбi»;

290-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«290. Жолаушыларды таксиге отырғызу және одан түсiру арнайы жабдықталған такси тұрақтарында немесе автомобильдердiң тоқтауына жол қозғалысы ережелерiнде рұқсат етiлген жол желiсiнiң учаскелерiнде жүргiзiледi.»;

290-1-тармақта:

1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) автокөлiк құралдарының рейс алдындағы техникалық тексеруден өтуiн, сондай-ақ медициналық қызметкердің такси жүргiзушiлерiн рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыруын;

2) ақпараттық-диспетчерлiк қызметтiң немесе ақпараттық-диспетчерлiк қызметтi көрсету жөнiндегi шарттың болуын;»;

мынадай мазмұндағы 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

«4) әр отыз таксиге шаққанда арнайы қозғалыс құралдарын пайдаланатын, мүгедектерді тасымалдау үшін бейімделген бір таксиден кем емес;

5) такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимдерін сақтау;

6) сапар құжаттамаларын ресімдеу.»;

290-2-тармақ алынып тасталсын;

209-3 және 209-4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«290-3. Таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметі тапсырыста көрсетiлген уақытқа қарай таксидi ұсыну бойынша тапсырыстардың орындалуына үздiксiз бақылауды, сондай-ақ таксимен тасымалдаудың технологиялық процесiн үйлестiрудi жүзеге асырады.

290-4. Таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметі немесе таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметімен шарт болмаған жағдайда, такси тасымалдаушысының қызмет көрсетуіне рұқсат етiлмейдi.»;

290-5-тармақ алынып тасталсын;

290-6-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Такси тасымалдаушысы құратын ақпараттық-диспетчерлік қызметтің негiзгi функциялары:»;

4), 5), 6) және 7) тармақшалар алынып тасталсын;

290-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«290-7. Өзге тұлға құратын таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметі такси тасымалдаушылары тізіліміне енгізілген такси тасымалдаушыларымен ақпараттық-диспетчерлік қызмет бойынша шарт жасасады және такси тасымалдаушылары осы Қағиданың 26-30-тармақтарының және
290-1-тармағының 1), 3) және 5) тармақшаларының талаптарын орындаған жағдайда өзінің қызметтерін көрсетеді.»;

мынадай мазмұндағы 290-8-тармақпен толықтырылсын:

«290-8 Тасымалдаушы болып табылмайтын тұлға құрған ақпараттық-диспетчерлік такси қызметі клиенттерінің тапсырысының және оларды такси жүргізушісіне берудің есебін қағаз немесе электрондық нысанда жүргізеді.»;

294-тармақ алынып тасталсын;

299-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«299. Алдын ала тапсырыс кезiнде такси тасымалдаушысы таксидiң тапсырыста көрсетiлген уақытқа берiлуiн қамтамасыз етедi.»;

306 және 311-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«306. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары әуежайларда, вокзалдарда, сауда үйлері мен базарларда, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында (мәдениет және демалыс парктері), сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда такси тұрақтарын ұйымдастыруды және жабдықтауды қамтамасыз етеді.»;

«311. Көлiк лектерiндегi қозғалыспен ұйымдастырылған, бір-екі және одан көп автобустардың топтары жүзеге асыратын балаларды тасымалдау балаларды жаппай тасымалдау болып танылады.»;

330-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы тиiс.»;

352 және 361-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«352. Бір-екі және одан көп автобустан тұратын лектермен балаларды қалааралық тасымалдау кезінде тапсырыс берушi лектермен медициналық қызметкердiң бірге жүруiн қамтамасыз етедi.

361. Тасымалдаушы рейс алдындағы медициналық куәландырудан өтпеген жүргiзушiні жол жүруге жібермейді.»;

389-тармақта:

2) тармақша алынып тасталсын;

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) түнеу пункттеріне келген кезде мамандандырылған мекемелерде (қонақ үйлерде, кемпингтерде және т.б.) балаларға берiлген орындарды тексереді;»;

көрсетілген Қағидаға 1-қосымшада:

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жолаушылардың жол жүруiне арналған билет – ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (пішімін және торкөз түсiн автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері белгiлейдi):»;

3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жолаушылардың жол жүруiне арналған билет – ашық түстi ұсақ торкөздi арнайы билет қағазында қара түстi жазулармен ресiмделедi (торкөздің пішімін және түсiн автовокзалдар, автостанциялар, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері белгiлейдi):»;

4-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Байланыс құралдарын пайдалана отырып, сатып алынған билеттер үшін ашық түсті ұсақ торкөзді арнайы билет қағазын, жазу бояуларын,
сондай-ақ өлшемдерін пайдалануға қатысты талаптар қолданылмайды;»;

көрсетілген Қағидаға 2, 3, 4, 8 және 14-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3,       4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаға 6-қосымшадағы 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Елді мекенде немесе қала маңындағы аймақта, бірақ конкурс ұйымдастырушысының аумағында орналасқан маршруттың бастапқы пунктінен 50 километрден аспайтын радиуста орналасқан, жылжымалы құрамды сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған өндiрiстiк-техникалық базаның (меншiктi, жалға алынған немесе қызмет көрсету шарт бойынша жүргiзiлетiн болады), оның iшiнде ТҚ және ТЖ кешендерi бар өндiрiстiк корпустардың, қойма үй-жайларының, автотұрақтардың, жинау-жуу кешендерінің, бақылау-техникалық пункттерінiң, әкiмшiлiк ғимараттардың және тұрмыстық корпустардың болуы туралы мәлiметтер.»;

осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаға 15-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                       С. Ахметов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу