Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 қаңтардағы №80 қаулысы

«Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7) тармақшасына және 58-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы», «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібін айқындайды.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болуының рұқсат етілген мерзімі:

Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушілер үшін – егер Қазақстан Республикасының тиісті тараппен жасалған келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртіп белгілемесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн, күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерінің азаматтары үшін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн, күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;

Қазақстан Республикасына кіруге арналған визаның негізінде келген көшіп келушілер үшін – визаның мерзімі өткен соң;

болудың өзге мерзімдері айқындалатын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бар мемлекеттердің азаматтары үшін – осы шарттарда көрсетілген мерзімдер өткен соң;

уақытша тұруға рұқсат ресімдеген көшіп келушілер үшін – осы рұқсаттың қолданылу мерзімі өткен соң;

бұған дейін Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзуға жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған көшіп келушілер үшін – әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарылғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң;

қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған көшіп келушілер үшін – сот шешімінің негізінде олар елден шығарып жіберілген жағдайларды қоспағанда, жазасын өтегеннен немесе жазадан босатылғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң;

Қазақстан Республикасында тұрақты тұрған және шет елге тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан шығуға арналған құжаттарды ресімдеген көшіп келушілер үшін – құжаттар ресімделгеннен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң;

қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс деп танылатын іс-әрекеттер жасалғаны туралы хабарлаған көшіп келушілер үшін – өтініш Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес қаралғаннан кейін күнтізбелік отыз өткен соң;

Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға шартты түрде сотталған, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған көшіп келушілер үшін
– тағайындалған жазаның мерзімі не жазаның өтелмеген бөлігі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады;

қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен осындай қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер немесе куәгерлер деп танылған көшіп келушілер үшін – болу мерзімі қылмыстық істі тергеу үшін қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын кезеңге ұзартылады;

айрықша жағдайларда (әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде және дүлей апаттың немесе ірі ауқымды аварияның (апаттың) нақты қауіп төндіруіне байланысты төтенше жағдай енгізілген, сондай-ақ көліктің жұмыс кестесі бұзылған кезде) – болу мерзімі шығуды ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.

Осы тармақтың жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарында көрсетілген көшіп келушілерге ішкі істер органдары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес хабарлама береді, көшіп келуші оның мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасынан шығады.

Осы тармақтың екінші, үшінші, бесінші абзацтарында көрсетілген көшіп келушілер Қазақстан Республикасына келген кезде оларға рұқсат етілген болу мерзімін есептеу нақты кірген күннен бастап күнтізбелік жүз сексен күнді есептеп шығару арқылы жүзеге асырылады.

Егер көшіп келуші келген кезде өзіне рұқсат етілген болу мерзімінен артық болғаны анықталса, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1) тармақшасының негізінде кіргізуден бас тарту туралы шешім қабылданады.

Осы тармақтың екінші, үшінші, бесінші абзацтарында көрсетілген көшіп келушілер Қазақстан Республикасының аумағында болған кезде рұқсат етілген болу мерзімін есептеу бақылау күнінен (көшіп келушінің Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын айқындау қажет болатын күн) бастап күнтізбелік жүз сексен күнді кері шегеру арқылы жүзеге асырылады.

Осы тармақтың екінші, үшінші, бесінші абзацтарында көрсетілген көшіп келушілер Қазақстан Республикасынан шыққан кезде оларға рұқсат етілген болу мерзімін есептеу нақты кететін күнінен бастап күнтізбелік жүз сексен күнді кері шегеру арқылы жүзеге асырылады.

Болу мерзімін есептеудің осындай тәртібі осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген көшіп келушілер үшін қолданылады.

Осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында көзделген күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн болуға қатысты талаптар мына көшіп келушілерге қолданылмайды:

белгіленген тәртіппен уақытша тұруға рұқсат алғандар;

бас декларацияда (ұшу тапсырмасында) жазба болса, әуе кемелері экипаждарының мүшелері;

кеме рөлінде немесе одан үзінді көшірмеде жазба болса, теңіз және өзен кемелері экипаждарының мүшелері;

әрбір рейске бекітілетін қалыптастыру парақтары бойынша поездардағы, рефрижераторлық және локомативтік бригадалардың мүшелері;

халықаралық қатынаста жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүк көлік құралдарының (тіркемені қоса алғанда, рұқсат етілген жалпы салмағы 6 тоннадан асатын немесе тіркемені қоса алғанда, рұқсат етілген пайдалы жүктеме 3,5 тоннадан асатын) жүргізушілері, жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүріп өтетін автобус жүргізушілері (жүргізушінің орнын қоспағанда, отыратын орындары 12-ден асатын);

Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдары беретін қызметтік, іссапар куәліктері (нұсқамалары) болса, үкіметаралық фельдъегерлік байланыс қызметкерлері;

егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, қызметтік, іссапар куәліктері (нұсқамалары) болса, күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылмен алып жүруді жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының қызметкерлері;

мемлекеттердің ресми мемлекеттік және үкіметтік делегацияларының мүшелері және олармен бірге жүретін адамдар;

қызметтік куәліктері (ұйымдардың басшылығы (жергілікті атқарушы орган) куәландырған атаулы тізімдер) болса, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін қызметкерлер;

Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтардағы персоналға және тұрғындарға қатысы бар адамдар (уақытша немесе тұрақты тіркелгенін растайтын құжаты болса).»;

10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер (бизнес-көшіп келушілер) бойынша – жергілікті атқарушы органдардың өтініштері негізінде ресімделеді.

Уақытша тұруға рұқсат көшіп келушінің ұлттық паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге ресімделеді.

Уақытша тұруға рұқсат КҚП АЖ-да ресімделіп, көшіп келушінің уақытша тұруына рұқсат беріледі, кейіннен ақпарат «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Бүркіт» БАЖ) беріледі.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен өздеріне қатысты ресімделген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар көшіп келушілерге еңбекші көшіп келушіге рұқсат, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат осы рұқсат қолданылатын мерзімге ресімделеді.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген рұқсаттарды алу талап етілмейтін көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ ол еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.

Қазақстан Республикасына қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі – АХҚО) жүзеге асыру мақсатында келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар елдерден келген көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ ол еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.

Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар мемлекеттерден келген АХҚО инвестициялық резиденттеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат АХҚО әкімшілігінің өтінішхаты бойынша жыл сайын, бірақ бес жылдан асырмай ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді. Бұл ретте АХҚО инвестициялық резидентінің отбасы мүшелерінің уақытша тұруға рұқсатының қолданылу мерзімі АХҚО инвестициялық резидентінің уақытша тұруға рұқсатының қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.

Білім алу, кәсіптік даярлық және (немесе) тағылымдамадан өту мақсатында келген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат бір жылға ресімделеді, бірақ оқу, оқу практикасының немесе тағылымдаманың мерзімінен аспауға тиіс.

Қазақстан Республикасына отбасымен қосылу мақсатында келген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат шақырушы тұлғалардың өтінішхаты бойынша «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімге ресімделеді.

Медициналық мекемелерде стационарлық емделуде жатқан көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат денсаулық сақтау ұйымының өтінішхаты (медициналық анықтамасы) бойынша емделуге қажетті кезеңге ресімделеді.

Пана іздеген адамдарды және босқындарды есепке алу Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.

Қазақстан Республикасымен келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жергілікті атқарушы органның өтінішхаты бойынша жыл сайын, бірақ үш жылдан асырмай ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді.

Заңнамада белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыратын көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат Қазақстан Республикасында тіркелген діни ұйымдардың өтінішхаттары бойынша өтінішхатта көрсетілген, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ресімделеді.

Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат жергілікті атқарушы органның өтінішхаты бойынша үш айдан аспайтын мерзімге ұзарту мүмкіндігімен алты айға ресімделеді.

Мыналар:

Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының визасымен келген;

дипломатиялық немесе қызметтік паспорты бар;

16 жасқа толмаған көшіп келушілер уақытша тұруға рұқсат алудан босатылады.

Көшіп келуші Қазақстан Республикасында уақытша тұратын жерін ауыстырған кезде қабылдаушы тұлға үш жұмыс күні ішінде бұл туралы ішкі істер органдарын хабардар етеді.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Бизнес-көшіп келушілер «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндеттерді орындамаған жағдайда ішкі істер органдары жергілікті атқарушы органдардың өтінішхаты негізінде бизнес-көшіп келушілердің болу мерзімін олардың ерікті түрде кетуі үшін қажетті мерзімге қысқарту туралы шешім қабылдайды.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                                   О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу