Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі №619 Қаулысы

Мемлекеттік бюджет қаражаты және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен электрондық ақша түрінде аударылатын жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызу, есепке алу мен пайдалану, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмектің пайдаланылуын мониторингтеу қағидалары мен ерекшеліктерін бекіту туралы

 

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 42-бабының 6-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бюджет қаражаты және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен электрондық ақша түрінде аударылатын жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызу, есепке алу мен пайдалану, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмектің пайдаланылуын мониторингтеу қағидалары мен ерекшеліктері (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша:

1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді электрондық ақша түрінде әлеуметтік әмияндарға кезең-кезеңмен аудару жөніндегі жоспарды (бұдан әрі – жоспар) бекітсін;

2) 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Қағидалардың талаптарына сәйкес электрондық әмияндардың толық техникалық әзірлігін қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоспарға сәйкес және техникалық және ұйымдастырушылық әзірлікке қарай жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді электрондық ақша түрінде әлеуметтік әмияндарға кезең-кезеңімен аудару жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                А. Мамин

 

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу