08 Сәуір 2016, 11:42
Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас схемасын бекіту туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 36-бабы 12-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бас схемасы (бұдан әрі – Бас схема) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар су шаруашылығы, табиғат қорғау және басқа да шараларды жоспарлау кезінде Бас схема ережелерін басшылыққа алсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу